Жексенбі, 07 шiлде, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Батыл болыңыз! Әйел неден ұялмауы тиіс?

17.04.2023

649 0

Қоғамда белгіленген кей талаптар мен стереотиптер әйелдің өз-өзін шектеуіне әкеледі. Алайда басқалардың не ойлайтынына аса мән беріп, көңіліңізге ала берсеңіз, бұл сіздің өміріңізді қиындатып жібереді. Мына нәрселерден ұялмаңыз.

Артық салмақтан ұялмаңыз

Көп әйел артық салмақ қосып алғанын уайымдайды. Сол үшін олар өздерін сенімсіз сезінеді. Алайда өзіңізді жақсы көріп үйрену маңызды. Артық салмақ ұялатын нәрсе емес.

Макияжсыз жүруден ұялмаңыз

Кей қыздар далаға макияжсыз шығуға қорқады. Алайда көпшілік заманауи әйелдер сұлулық іштен шығатынын түсініп қойды, сондықтан олар жақсы тамақтанады, ұйқыны қандырады және хоббиіне уақыт бөледі. Оған қоса, жабыстырылған немесе ұзартылған кірпік пен тырнақ сәннен шықты. Қазіргі тренд – табиғи сұлулық пен сапалы күтім.

Эмоцияларыңызды көрсетуден ұялмаңыз

Көпшіліктің миына балалық кезде эмоцияларды көрсету «дұрыс емес немесе ұятты» нәрсе секілді құйып қойған. Басқалар ол туралы жаман ойламасын деген мақсатта кей әйелдер реніштерін іште сақтайды, жан ауруына шыдайды, ашуын ұстайды. Бұл депрессияға және басқа да ауруларға әкелуі мүмкін. Сондықтан кейде эмоцияны сыртқа шығару да пайдалы. Оған қоса, ұнамайтын нәрсені бірден айтып тастаған дұрыс.

Басқалардан құрметті талап етуден ұялмаңыз

Балалық кезден бастап құрметке лайық болу керек дегенді жиі естіген боларсыз. Әрине, дұрыс, бірақ бұл қорлыққа шыдау керек деген сөз емес. Егер өзін сізден жоғары санайтын, сізге тұлға ретінде қарамайтын адамдармен жолықсаңыз, оларға жеке шекараңыз жайлы айтыңыз немесе ортаңызды өзгертіңіз.

Қошемет сөздерді қабылдаудан ұялмаңыз

Қарапайым көрінемін деп өзіңіздің артықшылықтарыңызды төмендетудің қажеті жоқ. Біреу сізге қошемет сөздер айтса, оны қабылдап, «рақмет» айтыңыз. Осының өзі жеткілікті.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: