Сәрсенбі, 06 желтоқсан, 23:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2003)
05.12.2023
PDF мұрағаты

Әжім арқылы адамның мінез-құлқын білуге болады

01.01.2021

2375 0

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға,айыруға,тануға болатынын ғалымдар дәлелдеген. Қамшы ақпараттық агентігі соның кейбір құпияларын ашып бермек.
Көңілділік – Ауыз бен көз шетінде орналасқан әжім сызықтары көңілді адамдардың мінез-құлқын көрсетеді.
Қорқақтық – Езудің екі жағына тарамдалған әжімдер,өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән.
Қоршаған ортаға мән бере қарайтын адамдар – Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ.Оны не болмаса «қаз табан»әжімдер деп те атайды.
Адалдық пен шынайылық – Екі қастың үстіне көлденең түсетін әжімдер,мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән.
Зиялылық – Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән.
Алды-артын байқағыш және кең пейілділік – Алды-артын байыптағыш,мейірімді,кең пейіл адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады.Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын адамдардың маңдайындағы әжімдері көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады.
Түңілу – Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін,бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады.Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады.Егер әжімдер ауыздан төмен қарай,яғни иекте орналасса,ол-адамның денсаулығының бұзылғанының белгісі,я болмаса бұл-өмірден түңілген адамға тән әжімдер.
Алаңдаушылық – Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән.
Ашуланшақтық – Бетінде үшбұрыш кейіпіндегі әжімдер(әсіресе екі әжімнің қосылған тұсы үшкір болса)намысшыл,ашуланшақ адамдарға тән.
Күйгелектік – Өзімізге таныс маңдайдағы үшкір әжімдермен қатар көздің айналасындағы және екі езуден төмен қарай бағытталған әжімдер жүйкесі тозған,жиі мазасызданатын адамдарға тән.
Таңқалу – Көздерінің төменгі жағына көлденең орналасқан адамдарда көбінесе айналасындағы өмір оқиғаларына таң қала қарайтын жандар болып келеді.
Немқұрайлық – Жүзінде әжімі жоқ,бетінің еті бос,екі езуінің тұсында қос сызығы бар адамдар еріншек,айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді.

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: