Жұма, 26 сәуiр, 12:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал 26 шілде

26.07.2021

1400 0


Тоқты
Қателіктеріңіз бен сүрінген тұстарыңызда назарыңызды ұзақ ұстамауға тырысыңыз. Иә, олар орын алады. Бірақ оған тоқталып, уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Сәтсіздіктердің себебін қалыптасқан жағдайлардан көруге ұялмаңыз, өйткені арасында қалыптасқан жағдайды өзгерту біздің қолымыздан келмейтін уақыт болады. Қаншалықты сабырлы болсаңыз, соншалықты қалыптасқан жаңдайға әсер ете аласыз. Бұл ай сіз күткеннен де көбірек позитив беруі мүмкін, соны естен шығармаңыз.


Торпақтар
2020 жылдың қарашасында сәттілік өзіңізге серік болады. Бірақ ірі шаруаларыңызды орындау үшін ол жеткілікті емес. Өзіңіз сене алатын серіктестің қасыңызда болғаны маңызды. Қоршауыңызда сенімге лайықты адамды тапсаңыз, онда бұл ай өте сәтті болады. Таба алмасаңыз, онда үлкен тәуекелге бармаңыз. Қалауыңызды сәл тыйып, іс-әрекеттеріңізде салқынқандылықты қосыңыз. Жұлдыздар сабырлылығыңызға лайықты бағасын береді.


Егіздер
Бұл айда жұлдыздар өміріңізге сын көзбен қарауға кеңес береді. Барлығы да көңіліңізден шыға ма? Өзгеріс енгізіп, түрлендіруге лайықты қандай өмір саласы бар? Әсіресе, сізді қоршаған адамдармен қарым-қатынасты қайта қарастырған пайдалы. Қандай да бір конфликтер, дау-дамай, реніштер болса, қазір оларды шешуге қолайлы уақыт келе жатыр. Қарым-қатынасыңызда салқындылық сезілетін адамдардың әрқайсысына қарай қадам жасаңыз. Бұл болашақ үшін өте маңызды.


Шаян
2020 жылдың қарашасында Шаяндарға адамдармен қарым-қатынаста абай болу керек. Өз-өзіңізге ие болмауыңыз маңызды одақтастардан айыруы мүмкін. Олардан бас тартпаңыз: кейде бас июге, өз қателігіңізді мойындау үшін батылырақ болу қажет. Адамдар бірінші қадам жасай білу қасиетіңізді бағалайды. Бірақ бұл қасиетті қажет жағдайда ғана көрсетіңіз. Өйткені жүректен шықпаған нәрсе жүрекке жетпейді.


Арыстан
Үйіңізде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы уақыт. Үй – кез-келген адамның күш-қайрат беретін орны, өмірінің іргетасы. Қазір қажеттілік болса косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізген дұрыс. Ал оған қажеттілік болмаса – тазалық күнін ұйымдастырыңыз. Қолыңыздан не келеді, соны жасаңыз.


Бикеш
Консерватизм мен қатып қалған тәртіпті ұмытыңыз, өмір өзгерістерді қажет етеді. Бұл айда көңіл-күйіңіз, сәттілік басыңыздан өткеретен жаңа эмоцияларға байланысты болады. Бірақ бұл өткен өмірмен үзу керек дегенді білдірмейді. Өмірңізге жаңа лепті кәдімгі саяхат пен жаңа таныстықтар сыйлайды. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес», ақыл мен қайратты қосуды ұмытпаңыз.


Таразы
Сізге бұл айда қызық ұсыныстар түсуі мүмкін. Ақша табу үшін ыңғайлы нұсқа болмауы ықтимал, алайда бұл өмірде барлығы ақшамен өлшенбейді ғой. Басқалардың ұсынысынан бас тартпасаңыз, өзіңіз үшін жаңа нәрселерді ашасыз. Жұлдыздар бекер жаңа арнаға бұрып жатқан жоқ. Әлем сізді әлі таңғалдырады. Ең бастысы, таңғалудан жалықпайтын ішіңіздегі бүлдіршінді жоғалтпаңыз.


Сарышаян
Бұл ай сізді басқалар үшін тартымды етеді. Сондықтан мұндай басымдылыққа ие бола отырып, үйде отырмаңыз. Өзіңізге пайдалы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін бұл қасиетіңізді пайдаланыңыз. Қажет таныстықтардан бас тартпаңыз. Болашақта мұның барлығы тек орасан зор пайдасын тиігезеді.


Мерген
Өміріңіздегі көп нәрсені жіті бақылауыңыздан, ой елегінен өткізіңіз. Жұлдыздар сізді қоршаған адамдарға назар аударуға кеңес береді. Жолдастарыңыздың арасында өзіңізге адал емес адам болуы мүмкін. Ал керісінше сіз қашқақтайтын адамдардың арасында ешбір жамандық тілемейтіндер болуы ықтимал. Басымдыққа ие шаруаларды айқындаңыз. Көкейтестілігін жоғалтқан, қазір ұмытылуға лайықты мақсаттар бар шығар, бәлкім? Орнына күш-қуатыңызды етене салып, айналысуға тұрарлық мақсаттар табылады.


Тауешкі
Бұл ай сізден ұстамдылықты қажет етеді. Дау-дамайларға араласпауға тырысыңыз. Бәлкім жеңімпаз болып шығарсыз, бірақ ұрыс-керістің қажеттілігі бар ма? Өзгелердің сізге жолданған жағымсыз эмоцияларына назар аудармасаңыз – жеңгеніңіз осы. Сабырлы және ұстамды болыңыз. Бұл қасиеттер сіз туған жұлдыздар белгісіне тән. Бос уақытыңызды шығармашылық пен жасампаздыққа арнаған жөн.


Суқұйғыш
Жаңа бастамалар үшін керемет уақыт. Кез-келген бастамалар өте сәтті болуға уәде береді. Ең бастысы, танымайтын адамдарға сенім артпаңыз. Уақыт елегінен өткен, тексерілген адамдармен ғана сөз байласыңыз. Болмаса, жалғыз өзіңіз әрекеттеніңіз. Сенуге тұрмайтын адамдармен ортақ шаруа жасаймын деп артық қауіп-қатерге бармаңыз.


Балықтар
Отбасылық шаруалар басқа «алаңдардағы» іс-әрекеттерден назарыңызды аударады. Жақындарыңызға уақыт та, энергия да бөлуге тура келеді, ең құрмағанда айдың аяғында жеке өмірге көңіл бөліңіз. 2020 жылдың қарашасының соңғы аптасында сізге деген сұраныс артады. Жұлдыздар алда ірі шаралар күтіп тұрғанын болжайды. Дәл сонда сіз көпшіліктің назарында боласыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: