Бейсенбі, 04 шiлде, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Толағай» отбасылық спартакиадасы өтті

21.04.2023

808 0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Талсуат оңалту орталығындағы ерекше жандарға арналған спартакиада өтті.

Шараның шымылдығын облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Орталықта ем алушы жандарға мықты денсаулық, дертіне шипа беріп, қалыпты өмір дағдыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Тартысты «Толағай» отбасылық спартакиадасына ем алушы жеткіншектер ата-аналарымен бірге белсенді қатысты. Көңілді сайысқа «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, мекеменің бөлім басшысы Шахизат Абдраманова қазылық етті.

Сайыс нәтижесінде Жалағаш ауданынан келген «Қызғалдақ» тобы жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Қоғамдық келісім» КММ директоры атынан дипломдар табысталды. Шараға қатысушылар бір серпіліп қалды.

Ал, Талсуат оңалту орталығының директоры Мейрамбек Әбдікәрімов қайырымдылық шараны қорытындылап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: