Сенбі, 04 мамыр, 15:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Сырдан көмек: Жүк көлігі жолға дайын

25.02.2023

1019 0

Бауырлас Түрік еліндегі жойқын жер сілкінісі салдарынан оңтүстік-шығысындағы бірнеше қала үйіндіге айналып, тұрғындар табиға апаттан ауыр зардап шеккен болатын. Бұл қайғылы оқиғаға күллі әлем жұрты назар аударып, барынша көмек қолын созуға тырысып бағуда. Соның ішінде Қазақстанның алар орны ерекше.

Зілзаладан көп уақыт өтпей-ақ Қазақстан бауырлас елге көмек беруге асықты. Үкімет бірінші бо­лып құтқарушыларды аттандырып, Түркия халқына көмек беруге асықты. Қазақстандық құтқарушылар қауіп-қатерге қарамастан аянбай еңбек етіп, бірнеше адамды құтқарып қал­ды. Бүгінгі күннің батырларын қазақстандықтар да ыстық ықыласпен күтіп алған еді.

Одан бөлек жер сілкінісінен зардап шеккен түркиялықтарға гуманитарлық көмек те аса қажет болатын. Бұл мәселеге орай да Қазақстан үкіметі ең біріншілердің бірі болып көмегін жеткізген еді. Сондай-ақ Қазақстанның әр түкпіріндегі тұрғындар да қол ұшын созуға асықты. Олардың қатарында сыр жұртшылығы да бар. Қазіргі таңда қажетті деп танылған жеке гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмектер және азық-түлік қоры жиналуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ерлан Сисенбиев хабарлады.

− Осы айдың басында Түркия мемлекетінің оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балды құрайтын жойқын жер сілкінісі орын алды. Зілзала кесірінен 46 мыңнан астам адам қаза тапты. Бауырлас түрік ағайынның қайғысына баршамыз ортақпыз. Мұндай ауыр жағдайда Сыр өңірінің жұртшылығы да көмегін аяп қалған жоқ. Осыдан екі апта бұрын Сыр волонтерлерінің ұсынысымен сол жағалауда орналасқан Жастар ресурстық орталығының ғимаратында гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Мұнда аса қажетті деп танылған заттар тізімі бойынша тұрғындардан жылу жиналды. Бүгінгі таңда 5 тонна төсек-орын, 2 тонна тұрмыстық-шаруашылық заттары, 1 тонна жеке гигиеналық заттар, 10 тонна азық-түлік қоры мен киім-кешектер топтастырылып, арнайы жүк көлігіне тиелді, − деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: