Сейсенбі, 23 шiлде, 18:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Дүкенге сэндвич алуға кірген ер адам миллионер атанды

24.09.2023

604 0

АҚШ-тың Порт-Сент Люси қаласында дүкенге сэндвич алуға келген ер адам лотереядан қомақты қаржы ұтып алды. Бұл туралы  The Florida Lottery хабарлайды. 

44 жастағы Трэвис Холл бағын сынау үшін дүкеннен тамақпен бірге лотерея билетін де сатып алыпты. 

Холл өзінің жеңісі туралы бірнеше күннен кейін білген. Билеттегі қорғаныш қабатын қырған ол 5 миллион доллар ұтып алғанын көрген. Ер адам мұның шын екеніне біраз уақытқа дейін сене алмапты. 

Холл қаржыны бір реттік төлем ретінде алуды жөн көріпті. Осылайша ол 4 миллион доллардан аса қаржы алған. Ал билет сатылған дүкенге бонус ретінде 10 мың доллар беріледі.

Жеңімпаз қаржыны қайда жұмсайтынын айтпады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: