Сенбі, 20 сәуiр, 13:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Димаш Құдайбергеннің есімі Джеки Чан кітабының мұқабасында пайда болды

11.10.2022

448 0

Димаш Құдайбергеннің есімі әлемге танымал Джеки Чан кітабының мұқабасында пайда болды. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жариялады.

Димаш Құдайберген актерді жаңа туындысымен құттықтап, сыйлығы үшін алғысын білдірді.

«Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің «Авангард» фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім 迪玛希 (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе!» – деп жазды әнші. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: