Сенбі, 27 сәуiр, 05:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Украинаның Қазақстандағы елшісі атышулы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады

06.09.2022

466 0

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, «өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған», – деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Ресми мәлімет бойынша қазір Украина елшісі еңбек демалысында.

Еске салсақ, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында «орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады» деген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: