Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақтың қазынасы қарт кісілерге құрмет көрсетілді

07.10.2023

722 0

«Қарты бар үйдің —қазынасы бар» дейтін Қазақ халқы қашанда қарт кісіге ізет пен құрмет көрсеткен. Қарт десе, көз алдымызға ақ жаулықты әжеміз мен ақсақалды қарияларымыз оралары анық. Халқымыздың ұлттық болмысының жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету болып табылады.

Бірақ, қазіргі кішінің ізеті мен үлкеннің құрметі азайған қоғамда қарияларын қажет ептейтін ұрпақ көбейген. Ал біздің ізгі ниетіміз әзиз ақсақалдар мен әз аналарды бір сәт болсын сергітіп, көңіліне медеу, жүрегіне жылу ұялату. Осы мақсатта қарттардың мерекесіне орай қаладағы Арнаулы қызметтер көрсету орталығына ат басын бұрған едік.
Мереке қарсаңында ардақты қарттарымызға қуаныш сыйлап ғана қоймай, олардың денсаулығы мен алтын уақыттарын тиімді өткізуге «Мархабат» мүгедектер қорының кіші жобасының аясында орындалып отырған «Егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын түзету үшін релаксация аймағын ұйымдастыру» жобасы аясында «Ақ босаға» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қарты бар елдің – қазынасы бар» атты шарасы өтті.
Шарада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында арнайы жабдықталған релаксация кабинетінің таныстырылымы ұйымдастырылып, ондағы құрал-жабдықтар қарттар игілігіне берілді.
Жобаны «Ақ босаға» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тәжиева Зейнар Дастанқызы таныстырып, релаксация бұрышының психоэмоцияналды көмек көрсету бағытындағы маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, шараға жиналған қарттарды төл мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді.

Шара барысында қызмет алушылар мен қарттарға арналған арт-класс, компьютерлік сауаттылық, қолөнер бұйымдарын үйрену мен дәстүрлі садақ ату өнерінен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Қарттар мен қызмет алушылар ерекше шабытпен қатысып, аналарымыз заманауи үлгіде кілем басу технологиясын үйренсе, ер азаматтар садақ атудан сынға түсті. Мерекелік кеш соңы қонақтардың ән-би кешіне ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: