Бейсенбі, 25 сәуiр, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әділбек Ерсұлтанов: Қармақшыда ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамуда

01.08.2022

784 0

Биыл Қармақшыда жалпы көлемі – 24 326 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал егілген күріш көлемі – 12 773 гектарды құрады. Сондай-ақ, ауданда 15 шілдеден бастап бидайға орақ түсіп, одан 386,4 тонна өнім алынды.

Сонымен қатар ауданда мал шаруашылығында да өсім байқалады. Дәлірек айтқанда, төрт-түлік бойынша өсім орташа 6,8 пайызды құрап отыр.

Биыл 4 мың гектар жоңышқа орылып, оның әр гектарынан орташа 19,8 центнерден өнім өндірілді. Бүгінде жоңышқаның екінші орымын ору және жинау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда су тапшылығының алдын алу мақсатында қашыртқы суды қайта пайдалану және егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін барлығы 57 дана насос қондырғысы іске қосылған. Ал мал шаруашылығы 6,8 пайызға артты. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара – 5,1 пайызға, жылқы – 21,6 пайызға, қой – 2,0 пайызға, ешкі – 6,8 пайызға, түйе – 8,6 пайызға, үй құстары – 9,9 пайызға көбейді. Ауданда төрт-түлік санын арттыруға байланысты арнайы жұмыстар атқарылуда, – деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: