Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Желіде хиджаб мәселесіне қатысты дау шықты

12.10.2023

738 0

Өткен аптада мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді. Министрдің мәлімдемесіне желі қолданушылары қарсы шығып, хиджаб киюге қатысты өз ойларын білдіре бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

TikTok-та желі қолданушылары арасында біршама трендтер пайда болды. Олардың сөзінше, Қазақстанда бәрі керемет, тек орамал ғана мәселе болып тұр. 

«Қазақстанда «хиджабың қандай әдемі» деп емес, «саған хиджаб кигенің үшін ақша төлей ме деп сұрайды», «Мен қанымды қыздардың хиджабын қорғап қалу үшін сақтап қойған едім, жаным шықса шықсын, мүслималардың хиджабы шешілмесін», «Орамал емес паранджа жайлы айтылды. Өздеріңіз кері түсініп алғансыздар», «Алла қорғайды, біздің хиджабымызды ешкім шешкізе алмайды. Тоқаев айтты деп хиджабымызды шеше алмаймыз», «Орамал мен хиджабты шатастырмаңдаршы», «Хиджабтағы қыздар жігіттерді одан ары еліктетіп, қолтығына су бүркіп жатырсыздар. Қаңтар оқиғасы сияқты ертең қақтығыс болып кетсе ше. Сақалдылар стримнен шықпай үгіттеп жатыр онсыз да», – деді желі қолданушылары .

Ал күні кеше Аида Балаева ел ішінде талқыға түскен хиджабқа қатысты мәлімдеме жасап, дау тудырған мәселеге нүкте қойды. Оның айтуынша кейбір діни киімдерге ғана шектеу қойылады. Бірақ бұл қадамның хиджабқа мүлдем қатысы жоқ. 

«Қазір көбісі хиджабқа тыйым салады деп айтуда. Әңгіме никаб, паранджа сияқты адам бетін толық тұмшалап, оның кім екенін анықтауға мүмкіндік бермейтін киімдер жайлы болып тұр. Бұл өзін өркениетті санайтын барлық елде бар ереже, себебі мәселе қауіпсіздікке тіреледі. Сондай-ақ мемлекет ешқашан зайырлылық жолдан да, діни наным-сенім бостандығынан да бас тартпайды. Өйткені бұл Атазаңда тайға таңба басқандай жазылған қағида. Осыны қоғамға жеткізу қажет деп ойлаймын. Өйткені халықтың біраз бөлігі қобалжып, ресми өтініштер жазып, петицияларға қол қоя бастады», – деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін 6 қазан күні  мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді. Ал ұстаздар күніне орай өткізіліп жатқан республикалық педагогтер съезінде ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб мәселесі туралы пікір білдіріп,  еліміздегі Конституцияға бағынуды сұраған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: