Сәрсенбі, 03 шiлде, 20:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

«Шыдай алмай уксус іштім». Өгей әкесінен зорлық көрген қыздың оқиғасы

30.10.2023

1555 0

Желі қолданушысы заңгер, ҚҚ «Human Rights Lawyers» басшысы Ләззат Ракишеваға басынан өткен жантүршігерлік оқиғасы туралы айтып берген.Бұл туралы заңгер Instagram-парақшасында айтқан. 

«Сіздің парақшаңызға жақында жазылған болатынмын. Неше түрлі тағдырды оқып менде өз оқиғаммен бөліскелі отырмын. Көптеген аналарға қыздарға сабақ болсын деген оймен.

Төрт жасымда анам мен әкемнің ортасына енесі мен қайынапалары түсіп ажырасып кеткен. Менен кейін сіңілім болды, арамыз 2 жас. Содан нағашы әжем анамның қайтып келгенін қабылдамады. Ал анам болса ұрыс – керіс салдарынан бізді жанына ертіп қаңғып әр жерде жүрді.

Кейін өзінен 23 жас үлкен кісімен танысты. Ол отбасылы болған. Алайда бізге сол ер адам көмектесіп, тұратын жер тауып берді. Уақыт өте анам екеуі мешітте некесін қиды. Анам ол кезде 24 жаста болған. Мүмкін жас болған соң шығар, әлде бізді асырау үшін бе білмедім.

Айтпағым өгей әкем есімді білгелі тиісуді шығарды. Нақты неше жастан екенін білмеймін, бірақ түнде оянғанымда үстімде отыратын шешіндіріп. Осылайша уақыт өте берді.

Мектепте жақсы оқып жүрдім. Ненің не екенін түсініп біліп жүрген кезім. Сол кездері өгей әкем көп мазамды алып жүрді. Кейін мектепті тәмамдап, қаладағы колледжге түсіп, оқуға кеттім.

Шыны керек, студент кезімде жанымдағы қыздардан түрлі әңгімені естіп, болашағым үшін қорқа бастадым.

2-ші курста ауылға келген едім қайтадан өз әуенін бастады. Шыдай алмай уксус іштім. Түннің бір уағында анама «Сізді жақсы көремін» деп хат жаздым да қиналып жатып қалдым. Ұйқысынан оянған анам жедел жәрдем шақыртты. Содан емханада бірнеше күн жаттым.

Жаныма психолог мамандары келіп сөйлесті. Ешкімге ештеңе айта алмадым. Сіңілімнің өмірі үшін қорықтым.

3-ші курста қаңырап қалған үйден секіріп өлмек болдым.

Азаннан кеткеннен түстен кейін анам мен өгей әкем тауып үйге алып келді. Артынша өгей әкем кетіп қалды. Анам жылап «неге олай жасап жүрсің?»деп қайта-қайта сұрады. Ашуланып «сіз кінәлісіз, неге сұрап тұрсыз, қыз емеспін, ешкімге керек емеспін» деп айқайладым. Неге? кім тиісті деп ол да жылай бастады. Сіздің күйеуіңіз неше жылдан бері тиіскен деп барлығын айтып едім, анам есінен танып қалды. Есін жиғаннан кейін тоқтаусыз тағы да жылады. Содан анам сіңлісі мен күйеу баласына звондап үйге шақырды.

Олар келген соң анам мән-жайды ашып айтты. Ал жездем өгей әкеме ештеңе білдіртпей хабарласып үйге келуін сұрады. Үйге келгені сол еді анам оған айқайлап ұра бастады. Ол өтірік ауыш болып «қой мен қызыма олай істемеймін, жала жауып тұр! Өзі оқуда жүргенде жаза басқан болар, қорыққаннан айтып тұрған болар» деп мойындамады. Ал жездем болса далаға өгей әкемді шығарып алып соққыға жықты.

Ертесі күні ровд-ға арыз жазып едік, оны бірден қамауға алды.

Қаладағы сотқа барып арыз тастамақ болдым. Алайда олар бүге-шүгесіне дейін сұрақ қойғанда-ақ аузыма құм құйылып жауап бере алмай жылай бастадым. Содан олар сіңілімнен сұрақ ала бастады. Оны да тексергенде денесінде зорлық-зомбылықтың іздері бар деген жауап шықты.

Өгей әкемнің 2-3 соты болды. Әйелі қыздары шу шығарып, жала жабылды деп бізге тас лақтырған сәті де болды. Бірақ сотта басымды тік көтеріп, бетіне қарап тұрып, бәрін айттым жылап тұрып. Сотта таң қалып артық сұрақ ештеңе қоя алмады. Ал соңғы сот отырысы болғанда бізді кіргізген жоқ. Тек 10 жылға сотталғанын білдік. Қазіргі таңда қамауда отырғанына 6 жыл уақыт болып қалды. – дейді оқырман

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: