Дүйсенбі, 06 мамыр, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ерекше дәмдегі түрлі-түсті құртқа сұраныс көп

12.07.2023

367 0

Бүгінде облыста тың кәсіпті игеріп, нарық талабына сай жұртшылыққа өз өнімін ұсынып жүрген кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Соның бірі – қызылордалық Нұрсұлтан Қалмағамбет өз қаражат есібенен ұлттық тағам түрі құрт өнімін «Qurtella» атауымен шығарып, ерекше кәсіп түрін бастаған. Айтуынша, дәмі тіл үйірер 6 түрдегі түрлі-түсті құрт өніміне ешқандай химиялық қоспа қосылмайды. Сондай-ақ, бірнеше дәмде тұтынушыларға ұсынылып келеді. Кәсібін бастағанына небәрі 7 ай болса да тұрғындар тарапынан өнімге деген сұраныс жоғары. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте БАҚ өкілдері цехтың жұмысымен танысты. – Бұл кәсіпті бастаудағы негізгі мақсатым – құрт өнімін ерекше әрі бірнеше дәмде халыққа ұсынғым келді. Осылайша, ұлттық тағам түрін заманауи бағытта жаңғыртып, жаңа бренд қалыптастыруды көздедім. Алғашында өз кәсібімді 15 мың теңгемен бастадым. Уақыт өте келе біздің өнімдерге халықтың қызығушылығы оянып, бірте-бірте сұраныс көбейді. Бүгінде біздің цехта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар дәмі тіл үйірер құрт жасаудың тиімді әдістерін іздестіріп, тың идеясын ұсынып келеді. Біз құртты табиғи түрде әзірлеп, әртүрлі формаға келтіреміз. Одан кейін түрлі-түсті етіп дайындап, «Qurtella» атауындағы арнайы қорапшаларға саламыз. Айына 5 мыңнан астам құрт өндіреміз. Сондай-ақ, біздің өнімдерді қаладағы дүкен сөрелерінен қолжетімді бағада сатып алуға болады, – деді ол. Кәсіп иесі алдағы уақытта басқа өңірлермен келісім жасап, өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар барлық шикізатты өз цехында қамтамасыз етуді жоспарлауда.@Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: