Сенбі, 11 мамыр, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгетте санитарлық тазалықты бақылау күшейтілуде

11.01.2024

1069 0

Тасбөгет кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кент аумағының санитарлық тазалығын қадағалау мақсатындағы рейд жұмыстары жүргізілуде.

Кент әкімі аппаратының мамандары, жергілікті полиция инспекторлары және тазалық мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған рейдтік шаралар барысында тұрғындар арасында көшелерді таза ұстау, аулаларды қоқыспен ластамау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге бей-берекет тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды. Тәртіпке бағынбай, тазалыққа нұқсан келтірушілерге тиісті хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынатындығы ескертілді.

Осы ретте, тұрғындардан үйдің іргелес аумағын күнделікті таза ұстауды, жалпы санитарлық тазарту шараларын ұйымдастырып, кенттің тазалығын қамтамасыз етіп отырған тазалық мекемелерімен келісім-шартқа отырып, ауланың тазалығына ат салысуды сұраймыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: