Сенбі, 06 шiлде, 07:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысымен кездесті

18.01.2024

588 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесіп, Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобаларды талқылады. Аймақ басшысы «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты 4 еншілес кәсіпорын («Байкен-U», «Хорасан-U», «Семізбай-U», «РУ-6» серіктестіктері) өңірде тіркеліп, 1800 астам адамды жұмыспен қамтып, облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосып отырғанын атап өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде әлеуметтік мәселелер көтерілді. «Samruk-Kazyna Trust» КҚ қайырымдылық қызметі шеңберінде Қызылорда облысында 2017-2023 жылдары 1,1 млрд.теңгеден астам сомаға көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырды. Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары 2021-2023 жылдары Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға 150 млн. теңге қаражат бөлді. Қызылорда облысында еліміздегі уранның шамамен 20%-ы өндіріледі. Аймақтағы уран өндіруші компаниялардың «Самұрық Қазына» қорына жыл сайын төлейтін дивидендтері шамамен 44 млрд.теңгені құрайды. Сондықтан облыс әкімі әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды ұсынды.

«Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға келсек, облыста қаржыландыруды қажет ететін бірқатар әлеуметтік жобалар бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, мұнай өндіру компаниялары соңғы 10 жылда 15,7 млрд. теңгесін қайырымдылыққа жұмсаған. Ауыл шаруашылығымен айналысатын «Абзал и К» компаниясы Н.Ілиясов ауылында жыл сайын әлеуметтік нысандар салады. Осыны ескеріп, уран өндіруші компанияларға да әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысын қаржыландыруды ұсынамыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округіне «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы көпір салу, 2015 жылдан бері «КАП логистикс» серіктестігіне 10 жылға өтеусіз пайдалануға берілген «Самара-Шымкент-Еңбекші» жолының Еңбекші ауылына дейінгі 4,5 шақырымын күрделі жөндеу қажеттігіне тоқталды. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өңдейтін «СКЗ-U» зауытын кеңейту немесе жаңа зауытты Қызылорда облысына салу мүмкіндігін қарастыру туралы айтты.

Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы іске қосылған «Байкен–U» серіктестігін толық қуаттылықпен жұмыс істеуге көшіруді ұсынды.Өз кезегінде, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының басшысы аталған жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді.Соңғы 3 жылда (2021-2023 жж.) әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді орындауда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары Қызылорда облысының бюджетіне 1 234 млн. теңге, оның ішінде 2023 жылы 541 млн. теңге көлемінде қаржы аударғанын атап өтті. Нәтижесінде тараптар бірлесіп жұмыс жасауға сенім білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: