Сенбі, 20 сәуiр, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылөзек: Қос мәселенің күрмеуі шешілді

09.02.2021

7620 0

Өткен аптада қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысының кезекті есеп беру кездесуі өтті. Есепті кездесу Талсуат, Ақсуат ауылдарымен қатар Қызылөзек елді мекенінің тұрғындарына да арналды.

Бүгінде Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек, Айнакөл және Қараөзек стансасы елді мекендерінде 3506 адам тұрады.

Ауылдық округке өткен жылы 182,1 млн теңге қаржы қаралған және ол толық игерілген.

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнымен, 22 азамат жастар тәжірибесімен, 30 азамат қоғамдық ақылы жұмыспен, 18 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауылда 11 кәсіпкерлік нысаны тір­келіп, барлығы 90 адам еңбекпен қамтылған. Бүгінде округте 36 шаруа қожалығы мен 89 дара кәсіпкерлер бар. Қызылөзекте өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 59,9 млн теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 9 жобаға 31,9 млн теңге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында 2 жобаға 28 млн теңге несие берілген.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аягөз» шаруа қожалығы 70 бас мүйізді ірі қара малына 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 9 шаруашылыққа мемлекет тарапынан 4,6 млн теңге субсидия төленген.

Ауыл диқандары 467 га жерге ауыл шаруа­шылығы дақылдарын еккен. Нәтижесінде олардан 6 049 тонна өнім алынған. 

Қараөзек бекетінде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жаңадан 7,2 шақырым ауыз су желісі жүргізілген. Ауыз су жинау қоймасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

2019 жылы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құрылысы басталған дәрі­герлік амбулатория ғимараты өткен жылы ел игілігіне пайдалануға берілген.

Тұрғындардың айтуынша өткен жылы  Қы­зылөзекте атқарылған жұмыс аз емес. Енді округке қарасты Айнакөлдің кіре беріс жолын  жарықтандыру кезегін күтіп, аяқ су жайы да елді алаңдататып отыр.

«Ауылға аяқ су апару үшін 1 дизельді насос қондырғысына қаржы бөлінді» деді шаһар бас­шысы. Енді Айнакөлді жарықтандыруға «Өңірлерді дамыту» арқылы қаржы қаралғанын да атап өтті. Қос мәселенің күрмеуін қатар тарқатқан қала әкіміне ауыл халқы алғысын білдіріп, ізгі лебіздерін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: