Бейсенбі, 04 шiлде, 02:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Енді вейп сатқандар жауапқа тартылады

24.01.2024

393 0

Фото: BAQ.KZ

Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынады. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдап, оны Сенатқа жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер тұжырымдамасынан тыс темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары да қарастырылған. Вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі: 

– сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; 
– әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру; 
– ⁠қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезіндегі міндетті клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталады.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда таныстырған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: