Бейсенбі, 20 маусым, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметінен босатылды

11.01.2024

271 0

Фото: Н.Нұржаубай

Сенат Жоғарғы соттың 4 судьясын қызметінен босатты, деп Kazinform. 

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Ербол Исмаиловты, Ақылтай Қасымовты, Альфия Савинованы, Айгүл Сапарованы қызметінен босату ұсынысы бұған дейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне келіп түскен.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кенесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.

«А.Савинова мен А.Сапарова зейнет жасына жетті. Судья А.Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бұлардың бәрінің судьялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар – 26 жылдан 40 жылға дейін өтілі бар. Судья Е.Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалған», – деді Денис Шипп.

Сенат комитеттің ұсынысын мақұлдап, аталған тұлғаларды Жоғары соттың судьялығынан босатты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: