Дүйсенбі, 01 шiлде, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Облыс көлемінде есірткіге қарсы акциялар өткізілді

26.01.2024

268 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы облыстың оқу орындары арасында есірткіге қарсы акция ұйымдастыру сайысын жариялады..
Сайыстың облыстық деңгейде өткізілген екінші кезеңіне 36 оқу орны қатысты.

Оқу орындары тарапынан ұйымдастырған акцияларда балалардың, жасөспірімдердің және жастардың психоактивті заттардың таралуы мен қолданылуына теріс көзқарасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, олардың денсаулығына құндылық қатынасы және есірткіден бас тарту керектігі көрсетіліп, үнпарақтары таратылып, аялдамаларға есірткінің зияндылығы жайлы арнайы плакаттар ілініп, көшелерді, азаматтар көп шұғырланған жерлерде, қоғамдық көлікте, сауда-саттық орталықтарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, автокөлік жүретін жолдар бойында тұрақты шерулер ұйымдастырылды.
Байқау нәтижесімен Шиелі ауданының №№127, 48 мектеп-лицейлері мен Қармақшы ауданының N30 орта мектебі жеңімпаз деп танылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: