Сәрсенбі, 03 шiлде, 12:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда әуежай маңындағы ғимараттар сүріледі

27.01.2024

551 0

Сурет: stan.kz

Қазақстанда әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар әуе кемелерінің қауіпсіз ұшып-қонуын қамтамасыз етеді.

Министрлік әуежайға тым жақын салынған ғимараттардың санын анықтауды бастап кеткен. Ережені жан-жақты талқылаған комиссия мүшелері сүрілуге жататын нысан қожайындарына қанша өтемақыны берілетінін әлі шешпепті. Сондай-ақ жаңа өзгерістер әуежай аймағында биік ғимараттар мен егіс алқаптарының мүлдем болмауын көздейді.

“Әуежай маңында ауыл шаруашылық фермалары, құс өсіретін фабрикалар орналаспауы тиіс. Яғни нысанның жұмысына ештеңе кедергі келтірілмеуі керек. Санитарлық-қорғаныс аймағы болып есептелгендіктен, бұл маңда жер үй құрылысына рұқсат етілмейді. Қайта-қайта ұшақтардың ұшуынан ауаға бөлінетін қалдықтар әуежай маңында тұратын адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін”, – деді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ аэродромдар департаментінің инспекторы Мұхтарбек Тұрлыбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: