Дүйсенбі, 22 шiлде, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды

12.05.2024

471 0

Сурет:stan.kz

Ұлыбритания полициясы Қазақстан азаматы Баймолда Бейбітті кісі өлтірді деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лондон полициясының мәліметінше, 30.12.1986 жылы туған Баймолда Бейбітке 7 мамырда кісі өлтірді деген айып тағылған. Ол 8 мамырда Темза Магистратура сотына келді.

6 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған. 

«Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Бейбіт пен 33 жастағы әйел ұсталды. Бейбітке жоғарыда көрсетілген айып тағылды. 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды», – деді Лондон полициясы. 

Kazinform хабарлауынша, Баймолда Бейбіт Қазақстаннан Ұлыбританияға 2023 жылдың мамыр айында 6 айға маусымдық жұмыс визасымен келген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: