Сәрсенбі, 16 қазан, 06:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Еліміз Сирияға гуманитарлық көмек береді

09.02.2023

669 0

Сурет ашық дереккөзден

Президент Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады. Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

«Сонымен қатар, Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды«, – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: