Дүйсенбі, 01 шiлде, 10:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

«ӨРТ-2024» республикалық – командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады

14.05.2024

348 0

Қызылорда облысының аумағында 2024 жылғы 15-16 мамырда республикалық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өкілдерінің қатысуымен «ӨРТ-2024» республикалық – командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі деп жоспарлануда.
Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Қызылорда қаласынан 7 шақырым қашықтықта, Шіркейлі каналының оң жақ жағалауында (Пригородное орманшылығында) ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: 2024 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында ықтимал төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күш-құралдарының әзірлігін пысықтау».
Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау жүйелерінің 160 қызметкері, 40 техникасы қатыстырылады.
Оқу-жаттығу кезінде дүрбелең тудырмай, сабырлылық сақтауға шақырамыз.

Қызылорда облысы ТЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: