Сенбі, 27 сәуiр, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Мені тас-талқан етті»: Ayree

25.08.2023

480 0

Танымал әнші Ayree Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы сүйіктісімен не себепті бірге бола алмағандарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен бір жігітпен кездеспес бұрын оған бәрін ашық айтатынмын. Ол менің тағдырым туралы білгенін қалаймын. Одан “Жауапкершілік алуға дайынсың ба?” деп бірнеше рет сұраймын. Құр босқа уақыт өткізгім келмейді. Маған тірек болатын, мені қолдайтын адам керек, отбасы керек. Шынымды айтсам, көңілімді тапқысы келетін жігіттер көп. Бірақ олар жанында Әйгерімнің емес, Ayree-дің болғанын қалайды. Мен бір жігітпен екі жыл кездестім. Бірақ бұл қарым-қатынас мені тас-талқан етті. Ол адам менің тағдырым туралы көпшіліктің білгенін қаламады. Ол мені ұнатты, бірақ басқа дүниелерді қабылдағысы келмеді. Мен мұны өте кеш түсіндім. Маған сатқындық жасап, мені қорлап, жүрегімді жаралаған соң ғана барып қана түсіндім. Содан кейін екі жыл күйзелісте жүрдім. Мен ұлымнан ұялған емеспін, тек отбасыма біреулер тіл тигізе ме деп қорықтым. Бұған дейін бір сұхбатта бар шындықты айтқым келген, бірақ бұрынғы жігітім маған рұқсат етпеді. “Әлі ерте, менің жақындарым әлі бұл туралы білмейді” деп сылтауратты. Мен оның бұл сөзін түсінбедім. Біз туралы барлығы біледі, кездесіп жүргенімізге 2 жыл болған. Бұл маған сабақ болды, сол себепті оған да алғыс айтамын. Жас кезде, ақымақ кезде тұрмысқа шығып кету керек деп айтып жатады ғой. Бірақ қазір маған белгілі бір адам туралы білу үшін онымен жай ғана сөйлесудің өзі жеткілікті. Қазіргі уақытта менің жанымда болатын адамды таппадым”, – дейді Әйгерім Рақыш.

Өнер иесі бұрынғы сүйіктісінің шоу-бизнестен екенін жасырмағанымен, кім екенін айтудан бас тартты.

“Қазір ата-анаммен бірге тұрып жатырмыз. Бөлек тұруымызға да болады. Бірақ ата-анам ұлымды күтушіге қалдыруыма қарсы. Себебі мен үйде көп болмаймын. “Тұрмысқа шыққан соң өзің білесің. Бірақ сен тұрмысқа шықсаң, Әлімханды саған бере алмайтын сияқтымын” деп айтады. Амал жоқ, өзіммен алып кетемін”, – дейді Әйгерім күліп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: