Жексенбі, 30 маусым, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсету бойынша жиын өтті

15.05.2024

312 0

ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті
            Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ҚАЖ мекемелерінің медициналық ахуалы, сонымен қатар, атқарылған қызметтері жайында департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. 
         Бұл жиынға, Қызылорда облысы прокуратурасының Үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Алмас Махмут Ахтанұлы, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Исаевна, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Шәріпбаев  Даурен Сактапбергенович,
№3, №6 қалалық емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өтті.
 
         Шараның басты мақсаты 2024 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстары және жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайларына байланысты аурушаңдықтың алдын алу, өлім жағдайларын болдырмау. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау тобының аға инспектор санитар дәрігері әділет капитаны Шаймбетова Меруерт Жұмахметқызы ағымдағы жылдың қаңтар айында өткізілген дөңгелек үстелдің оң нәтижелері мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша шолу жасады.
         Жиын барысында мекемелердің жанындағы медициналық бөлімдерге күндізгі стацонарға рұқсат лицензиясын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және тоқсан сайын «Жылжымалы медициналық кешен», ай сайын мекемелердегі сотталғандарды денсаулыққа шағымдары бойынша жеке қабылдаулар жүргізу қолға алынып жатқандығы атап өтілді. Сонымен қатар, дәрігерлердің жазбасына сәйкес, бейінді мамандардың кеңестері мен қажеттілікке қарай инструменталды тексерулердің қолжетімділігін арттыру қажеттігі қорытындыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: