Сәрсенбі, 08 мамыр, 20:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қалада жолаушының телефонын тартып алған такси жүргізушісі сотталды

30.01.2023

616 0

Қызылорда облысында жолаушыны ұрып, телефонын тартып алған такси жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қ.есімді азамат Қызылорда қаласында такси қызметінде жүргенде, көлігіне мінген масаң жолаушының телефонын көріп, арам ойға кеткен. Оңай жолмен ақша табу мақсатында денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып, бөтеннің мүлкін жымқыру ниеті туындаған. Болмашы сөзді желеу етіп, жолаушымен сөзге келіп, бет-тұсынан бірнеше мәрте ұрып-соққан. Әлсіреген жолаушының смартфонын тартып алып, жол бойына тастап кеткен. Осылайша, бөтеннің мүлкін ашық жымқырып, тонау қылмысын жасаған. 

Ер адам ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі бойынша 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сондай-ақ осы жазаны өтеу барысында жылына бір жүз сағатқа мәжбүрлі еңбек атқаруға міндеттелген. Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген аймақта мәжбүрлі түрде күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жүр. 

Жалпы, мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандардың атқаратын жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органға жүктелген. Бүгінгі күні Қармақшы аудандық пробация есебіндегі үш сотталған азамат сот үкімімен мәжбүрлі еңбекке тартылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: