Жексенбі, 30 маусым, 19:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Отбасы аманатын арқалаған аналар

18.05.2024

363 0

Отбасы – мемлекет тірегі. «Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Шаңырақтың шырайы мен ынтымағын жарастырып, отбасы мүшелерінің ауызбіршілігін үйлестіріп, ұйытқы болатын ол – ақылгөй әже, ақ жаулықты ана. Алтын құрсақты аналарға қандай құрмет көрсетсе де жарасымды.
Халықаралық отбасы күніне орай, қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін айтулы мерекемен құттықтады.
– Бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болған барша қыз-келіншектерге, апа-қарындастарымызға, аяулы аналарымызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздер отбасының түтінін түзу ұшырып, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбек сіңіріп келесіздер. Бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деді Айдын Бөкенбайұлы.
Айта кету керек, бүгінде қаламызда көпбалалы отбасы саны – 14907. 2017 жылдан бері 382 ана «Алтын алқа», 1491 ана «Күміс алқа» иегері атанған.
Жиында ардақты аналар мен қыз-келіншектерге қала әкімінің құттықтау хаты табысталып, гүл шоқтары мен мерекелік сый тарту етілді.


Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: