Дүйсенбі, 22 шiлде, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Ұстазы білікті, шәкірті озат білім ордасы

21.05.2024

296 0

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру барлық мектеп ұжымының басты мақсаты. Осындай мақсатты жолдан айнымай білім беру ісінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білім ошағы ретінде №187 қазақ орта мектебін айтуға болады. Іргетасы тәуелсіздік алған алғашқы жылы қаланған мектептің бүгінде ширек ғасырдан астам тарихы бар. Білім ордасына 1997 жылы қала әкімінің  шешімімен  Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай есімі берілген.

Бүгінгі таңда  білім беру бірінші кезекте нәтижеге бағытталған толыққанды, сапалы және бәсекеге қабілетті болуы қажет. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа әдістемемен оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осы мақсатта «Жалпы білім беру ұйымының кейбір мәселесі туралы» 2019 жылғы  12 маусымдағы №13513 қаулысымен білім ордасы «Қызылорда қаласы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицей» (IT- мектеп – лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  өзгертіледі. Мектеп ашылғалы білім ордасын басқарған әрбір басшының үлкен ұжымның алдына мақсат қойып, оны жоспарлы түрде іске асырылуына, маман мәселесінің тұрақталуына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай потенциалының көтерілуіне жағдай жасап, педагогикалық ұжымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттауда қосқан үлесі зор. Сонымен қатар шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыру мақсатында биік талап деңгейінен көрінуде талай игі істердің ұйтқысы болып, мектептің материалдық техникалық базасының нығаюына көп еңбек сіңірген. Білім ордасы ашылған 1993 – 1998 жылдар аралығында мектепті Қизатова Алма Жәлелқызы басқарған.  Ол мектеп ауласын көгалдандыруды қолға алып, Мұстафа Шоқай атындағы бақтың ашылуына себепкер болған. Сонымен қатар мектеп кабинеттері заман талабына сай жабдықталуына да мұрындық болған басшы. Ал 1998 – 2000 жылдар аралығында Нұрымбетов Тәшкенбай Қанибайұлының  басшылығымен оқу-тәрбие жұмыстары біршама алға жылжып, білім сапасы артқан. Одан кейін 2000 – 2007 жылдар аралығында мектепті Әбиев Батырбек Алтынбайұлы басқарған кезеңдері мектеп ұжымы «Сорос-Қазақстан» қорының салауатты өмір салтын сақтау негізінде ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, 6000 доллар грант жеңіп алады. Ал 2007 жылы ақпан қазан айлары аралығында Жәмішев Әлімхан Жәмішұлының басқаруымен мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған.

Білім ордасындағы мамандардың біліктігін арттыру, білім сапасын көтеру мәселесі 2007-2012 жылдары мектепті Орманов Базарбай Айтбайұлы басқарған кезеңде  оң шешім тапқан. Одан бөлек, білімді шәкірттердің санын арттырып, білім сапасының артуына ықпал ете білді. Бүгінгі таңда мектепті үздік аяқтаған түлектер еліміздің әр түкпірінде, тіпті, шет елдерде жоғары білім алуда, сонымен қатар мектеп оқушылары республикалық, облыстық байқауларда жүлдегер атанды. 2012 жылы қыркүйек-қараша айы аралығында мектепті Жолтаев Болат Әбенұлы басқарса, 2012 – 2019 жылдар аралығында Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы басшылық жасайды. Бұл кезеңде қазыналы білім ордасына айналған мектептің  әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналды. «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республиканың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда. 2018 жылы мектеп ұжымы  «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігімен Америка Құрама штаттарының Қазақстан Республикасы елшілігінің кіші гранттар бағдарламасына қатысып, «Ерекше балалар аналар орталығы» атты жобасының 10 миллион теңге грантын ұтты. Кабинет ерекше балалардың тірек-қимыл қозғалыстарын жақсартуға, ойлау қабілетін,танымдық әрекеттерін дамытуға, арт терапиялық жаттығулар жасауға  арналған арнайы құрылғылар және ойыншықтармен жабдықталған. Кабинетте арнайы  психолог,  дефектолог мамандар жұмыс жасаған. Бүгінгі таңда білім ордасын 2019 жылдан бастап Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлы басқарып келеді. 

Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі –дүниежүзілік білім кеңістігіне ену. Осы бағытта – әрбір білім ордасына, мұғалімдер қауымына жүктелген міндет, үлкен талап – білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын  жүзеге асыру болмақ. Осы орайда 2019 жылдың наурыз айынан бастап мектебімізді басқарып келе жатқан Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлының бастамасымен М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицей ұжымы келелі істерді еңсеріп, алдына  үлкен міндеттер қоюда. Бүгінгі таңда ІТ мектеп-лицейде 41 сынып болса, онда 1045 оқушы білім алуда. Мектеп 30 жылдық өсу, даму жолынан өтіп келеді. Қай жұмыс орнында да  істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше, білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру ұстаздар қауымына  байланысты. Білім ордасының педагогикалық ұжымының сапалықжәне сандық құрамы қажетті педагогикалық потенциалмен толық қамтылған. Мектеп-лицейде 112 мұғалім еңбек етеді. Оның 44 процент педагог-зерттеуші, 19 процент -педагог-сарапшы, 21 процент – педагог-модератор, 22 процент – педагог санатындағы жас мамандар. Қазіргі таңда мектебімізде 17 педагогика ғылымының магистрлері және 2 PHd ғалым  жұмыс атқарады. Бұл барлық педагог қызметкерлердің 15 процентін құрап отыр. Оқу тілі – қазақ тілі. Бағыты –жаратылыстану-математикалық. Мектептің жалпы қуаттылығы 1266 орынға есептелген, 3 қабатты, жалпы ғимарат типтік жобада. Мектепте материалдық-техникалық базамен жабдықталған 34 оқу кабинеті бар. Оның ішінде соңғы үлгідегі химия, физика, биология және STEAM кабинеттерімен жабдықталса, спорт зал, акт зал, асхана, информатика, мультимедиа кабинеттері,7 стем-смарт панельталапқа сай жұмыс жасауда. Мектеп ақпараттық технология (ІТ) мектеп-лицейі болғандықтан осы бағытта материалдық жабдықталуына баса назар аударылған. Мектептің төменгі қабатында электронды жүгіртпелі жол тақтасы мектептің барлық жаңалығы туралы мәлімет беріп отырады. Оқу кабинеттерінің барлығы  20 Мбит/с құрайтын кең жолақты  интернет  желісіне Wi-Fi нүктелері арқылы қосылған.  Білім сапасы – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі және сапалы білім беру нәтижесінде 2021-2022 оқу жылында білім сапасы 65,2 процентті көрсетті. 2021 – 2022 оқу жылынан бастап тәрбие саласы бойынша бірқатар негізгі жобалар іске асырылып бастаған. Мәселен, еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт – санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатындағы жобалардың бірі оқушылардың өзін-өзі басқаруы ұйымы жұмысыжалғасуда, мектеп-лицей жанынан құрылған «Шоқай ұландары» дебат клубыҚорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді. Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі екендігі барлығымызға мәлім. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт»жобасын іске асыруда мектеп-лицей кітапханасындағы «Coworking» орталығы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін, бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қолайлы алаң деуге болады. Мұнда кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрышы құрылған. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құштар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз» демекші, теңіз түбіндегі інжу-маржан шәкірттер мен оның әр жылдағы түлектері адами құндылығының байлығы саналса керек. 30 жылдық даму тарихы бар білім ордасында  17 «Алтын белгі» және 40 «Үздік аттестат» иегері білім ошағынан түлеп ұшып, қазіргі таңда республика облыс көлемінде ел игілігіне қызмет жасап жүргенін мақтанышпен айтады. Оның ішінде, мектеп оқушысы болған Кәрібозова Айнұр – Ұлыбританияның Лондан қаласындағы Қазақстан елшілігінде І хатшы болса, Ибраев Уалихан – Қызылорда облысы аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің директоры, Қалив Шыңғыс – Қызылорда облысы бойынша салық коммитетінде бөлім басшысы, Сматов Естай – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша депортаментінің ақпараттық талдау бөлімінің маңызды істер жөніндегі офицері, Ғалымұлы Саламат – Қызылорда облысы Сырдария аудандық ІІБ тергеу бөлімінің басшысы, Абдуллаұлы Дастан – Қызылорда су жүйесі МКК абонент бөлімінде инспекция бақылау тобының басшысы, Жамуров Қанат – ҚР ІІМ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің бастығының орынбасары қызметін атқарып жүр. Жастарды рухани қолдау, дарынды да талантты жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Елбасы медалі» республикалық жобасына қатысып, қола медаль жүлдегері атанған мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Үрмеғали Ақжанда мектеп  мақтаныштарының бірі.  

Әр оқу жылының соңында мектептің білім сапасы сараланатыны анық. Бұл ретте білім ордасында 2021-2022 оқу жылында 55 оқушы  мектеп бітіріп,  соның  39  оқушысы ҰБТ-ге қатысқан.  Жалпы орташа балл – 94,6 процент болса, мемлекеттік білім беру грантын иеленгендер   саны – 32 оқушыны болған. Ал бұл көрсеткіш ҰБТ қатысқандардың – 70 процентін құраған.

Бұл білім ошағы талай үздік ұстазадрдың басын қосқан. Мектеп тарихында «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы иегері болған физика пәнінің мұғалімі Бакиров Ермектің есімі ерекше атап өтіледі. Еңбек жолын 1973 жылы бастаған бастауыш сынып мұғалімі Садықова Айткүл «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы иегерлері Қ.Иманбердиева, А.Садықова, Р.Есбосынова, Т.Елеуова, Т.Жолдыбаева, Р.Досымова, Д.Сәрсенбаева, Б.Қазбекова, Е.Келманова, К.Айтбаева, Қ.Жанұзақова, А.Шахатова және ұрпақ тәрбиелеуде білім беру саласына қосқан үлестері үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған ұстаздарымыз Н.Бедерова, Қ.Шухаманова, Б.Дүндібаева, Н.Омарова, Қ.Едербаева, С.Бөрібаева, Б.Жанболғанова, Р.Тоқмырзаева, Б.Наурызбаева, Б.Омарханова, Ә.Құрманиязов және Р.Ысқақова сияқты үздік ардагерлердің ұстаздық жолы кейінгі жас буын мамандарға үлгі. Мұғалімнің кәсібилігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық техноло­гияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де кең болмақ. Қазіргі таңда мектептің дамуына зор үлесін қосып келе жатқан  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматова Күлзат Елубайқызы жыл қортындысы бойынша білім саласындағы  үздік жетістіктері үшін қала әкімінің «Жыл ұстазы» номинациясымен марапатталған. Мектеп-лицейде білім берудің ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды зерттеп,оны өз іс-тәжірибесінде қолдану  арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті ұстаздар – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Рыстығұлова Анар және Нұрманова Гүлнәз республикалық «Теле-Сабақтар» жобасы аясында көрсеткен шығармашылық ұстанымы, білім беруге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған. 2019-2020 оқу жылдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Сыздықова Ұлбала «Үздік шығармашыл педагог», Сқақова Айгүл «Үздік педагог» номинациясы бойынша  қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып және  150 000 теңге сыйақысын жеңіп алған. Сондай-ақ, 2020-2021 оқу жылында  география пәнінің мұғалімі, «Үздік авторлық бағдарлама-2021» облыстық байқауының жеңімпазы Қалжанова Раушан қала әкімінің 150 000 теңге сыйақысын жеңіп алып, Түркістан қаласында өткен  «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» атты республикалық география пәні мұғалімдерінің сьезіне делегат болып қатысқан. ІТ  мектеп-лицейі ретінде білім ордасының мақсаттарының бірі – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу. Осы орайда мектептің жас маманы, педагогика ғылымдарының магистрі Ахатай Ақжан Ақарыстанқызы Қазақстандағы білім беру мен цифрландыру саласындағы отандық мамандар тобының қолдауымен іске қосылған STEM тренерлерін даярлаудың халықаралық Қазақстан-Тайланд оқыту бағдарламасы бойынша  республикалық конкурсының  грант иегері атанып, республикалық STEAM тренер атанған жас маман. Сонымен қатар ол 2022 жылы Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған IX Халықаралық шығармашылық байқауында математика пәні бойынша жүлделі III орын иеленеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдараламасын іске асыру мақсатында ІТ мектеп-лицейде «Bala QR» жобасы жүзеге асырылуда және Қызылорда облыстық «Ақпараттық технологиялар орталығы» қолдауымен «Grand Master бағдарламалау мектебі» арасында ақпараттық технология бағытындағы жұмысты жетілдіруде бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес 9 сынып оқушылары Шапшаң Абылай және Арипов Абылай Өзбекстан республикасы Ташкент қаласында ІТ жобалар сайысына қатысып арнайы сертификаттар иеленген. Пәндік олимпиада –дарынды оқушылардың шығармашылығын шыңдайды. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылық жетелеу. Осы бағытта мектеп оқушылары пәндік олимпиада да жоғары нәтижелерге қол жеткізді 2020-2021 оқу жылында 11 сынып оқушысы Кішкенбай Асқар құқық пәні бойынша облыстық олимпиаданың ІІ орын иегері атанса, 2021-2022 оқу жылында 5 сынып оқушысы Ғалымжанқызы Қарақат тарих пәнінен облыстық кезеңде жүлделі ІІ орын иеленді. Мектеп-лицейдің ұстаздары оқушыларды оқу-тәрбие үдерісінде жаңаша серпін мен шығармашылық жұмыстарға баулуда оқушылар арасында өткізілген қалалық, облыстық, республикалық түрлі тақырыптағы шығармашылық және ғылыми жобалар байқауларына қатысып, жүлдегер атанған. 2019-2020 оқу жылынан бері жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» РҒПО өткізген ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Әбілда Еркежан қазақ тілі пәні бойынша І орын, Избенбетов Ақылбек ағылшын тілі пәні бойынша, Шамшатдинов Бекарыс математика пәні бойынша ІІІ  орын иеленді. 7 сынып оқушысы Серік Нұрдәулет «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «Робототехника» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленіп, 11 сынып оқушысы Болатұлы Барысхан «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар облыстық фестивалінде физика пәні бойынша  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің  грантының сертификатын  жеңіп алды. Мектеп тарихына енген үлкен жетістіктердің бірі – 11 сынып оқушысы Ерболатұлы Сәкен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауында «Компьютерлік графика және 3D модельдеу» номинациясының жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балалар жылын аяқтау іс-шарасына орай өткізілген «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары: қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» балалар өкілдіктерінің республикалық кеңесімен кездесу шарасына Қызылорда  облысы  атынан мектептің 10 сынып оқушысы Алдаберген Ақмаржан қатысады. Қазақстан Республикасы Оқу және ағарту министрі А.Аймағамбетовпен кездсу барысында Қызылорда қаласы бойынша «Жасұлан » ұйымының Ұланбасы, бала өкілі, оқу үздігі, дебат қозғалысының белсенді мүшесі Ақмаржан «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп парламенті», «Мектеп театры» және Дебат жобалары аясында атқарылған жұмыстары жөнінде  айтып, өз ұсыныстарымен бөліскен.

М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық-технология мектебінде оқу – тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданып, білім алушыларды заманауи талаптарға сәйкес жан-жақты  дамыту мен оқытуда облыс және қала қала мектептерінің жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің қатысуымен тәжірибе алаңдары өткізілуде. Жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындауда ақпараттық технологияларға негізделген цифрлық білім беру ресурстарын сабақ беру процесінде кеңінен қолдану – заманауи білім берудің басты талаптарынң бірі. ІТ мектеп-лицейдің мұғалімдері оқу – тәрбие барысында ақпараттық  технологиялардың  мүмкіндіктерін  кеңінен  қолдануда. Оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылатын «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «CORWORKING» орталығында QR – код  яғни цифрлық жүйені кеңінен пайдаланатын мобильді кітапхана жұмысы, «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті», «Балалар және театр» жобалары бойынша да мектеп ұстаздары жоғары нәтижелерге  қол жеткізіп келеді.                    ІТ мектеп-лицей ұстаздарын ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану бойынша тәжірибелерін тарату мақсатында дайындалған авторлық бағдарламалары «Толықтырылған шындық»  AR мобильді қосымшасы  арқылы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен педагогтердің  облыстық тамыз кеңесінің шығармашылық көрме алаңында  таныстырылады. Мектеп оқушылары «Smartlab» бағдарламалау үйірмесінде IT программалау тілдерін меңгеру арқылы заманауи веб парақшалар дайындап, видео контенттер жасап, «Робототехника» үйірмесінде  оқушылар лего конструктормен жұмыс жасай отырып, 3D үйірмелерінде 3 өлшемді графиканы, анимацияның 3D графикасында көрсетілуі және виртуалды әлем бойынша тур жасау әдістерін үйренуде.. «Жасыл Қазақстан Ұлттық жобасын» жүзеге асыру  мақсатында жүргізіліп жатқан «Жасыл әлем» үйірмесіндегі  «Автоматтандырылған гидропоника» арқылы микрозелень,«Чудо грядка» құрылғысы, «Аэропоника әдісі» арқылы көкөністерді  және  «Ақылды жылыжай» құрылғысында  құлпынай өсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар оқушылардың шығармашылық іздену дағдыларын арттыруда тиімділігі зор. Мектепте «ІТ математика» пилоттық жобасы қолға алынуда. Осы орайда пән мұғалімдері математика сабағында оқушыларды математикалық есептердіақпараттық технологияға негізделген платформаларда шығаруға бағытталған «3D платформада (VR) Виртуалды әлем және (AR) толықтырылған шындық технологияларын зерттеу мен әзірлеу», «Математика сабағында оқушылардың интеллектуалды деңгейін арттыруда ІТ платформаларды қолданудың тиімділігі, «Цифрлық  технологияларды  қолданып есептер шығаруда  оқушылардың шығармашылығын арттыру», «Электронды білім беру ресурстарын қолдана отырып есептер шығаруда оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, «Алгебра және анализ бастамалары есептерін шығаруда  бағдарламалық жүйелерді тиімді қолдану», «Геометрия сабағында компьютерлік графиканы пайдаланудың кеңейтілген бағдарламаларын қолдану», «Joyteka.com платформасында «Квест» тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту»,«Бастауыш сынып оқушыларына көбейту кестесін үйретуде AR Kobeitu қосымшасын пайдалаудың тиімділігі» және «Жаратылыстану пәні сабағында оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамытуда Quiver бағдарламасын қолданып, қоршаған ортамен танысу» тақырыптарындағы мұғалімдер тәжірибелері облыстық деңгейде таратылуда. Заман талабына сай оқушыларға білім беруде  мұғалімге үлкен міндеттер жүктелетіні анық, атқарар шаралар да орасан. Тағы бір айта кетер жайт, Мұстафа Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі базасында Қызылорда облысының  білім басқармасы мен Қазақстандық математика мұғалімдерінің қауымдастығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауы өткізілген. Ондағы мақсат – жас математиктердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту, мектеп оқушыларының білім сапасы мен математикалық дайындық деңгейін арттыру болатын. Байқауға қатысушылармен кездесуге және мектептің «ІТ Математика» пилоттық жобасы аясында атқарылып жатқан шаралармен танысу мақсатында Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, математик, профессор,  физика-математика ғылымдарының докторы  Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы келген. Қатысушыларға математика сабағында оқушыларды математикалық есептердіақпараттық технологияға негізделген платформаларда шығаруға бағытталған «3D платформада (VR) Виртуалды әлем және   (AR) Толықтырылған шындық технологияларын зерттеу мен әзірлеу», «Математика сабағында оқушылардың интеллектуалды деңгейін арттыруда ІТ платформаларды қолданудың тиімділігі, «Цифрлық  технологияларды  қолданып есептер шығаруда  оқушылардың шығармашылығын арттыру» бойынша дайындалған мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары көрсетілген. Сонымен қатар, Асқар Жұмаділдаев атындағы арнайы кабинет, «ІТ алгебра», «ІТ геометрия», «ІТ математика» және т.б. математиканы тереңдетіп оқытуға арналған бейінді кабинеттерді камтитын блок жоспары және оқу бағдарламаларының әзірлемелері таныстырылған.

Мектеп-лицейдің даму бағдарламасының басты миссиясы – инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау болса,ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуді басты мақсат етіп отыр. STEM / ЅТЕАМ тәсіл– инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді дамыту үшін ғылымды, технологияны, инженерияны, өнер мен математиканы біріктіре отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушыларды даярлаудың кешенді жүйесі. Сонымен қатар білім алушыларды кәсіби деңгейде техникалық дамыған әлемге дайындауға мүмкіндік беретін инновациялық білім берудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Осы орайда Қазақстанда STEAM-білім беру бағытын дамыту Жол картасының аясында М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі «CARAVAN of KNOWLEDGE» республикалық білім беру орталығымен бірлесіп «STEAM Mektep Advancement» атты мектептерді сертификаттау бағдарламасы бойынша курс ұйымдастырған. Курсқа мектеп әкімшілігі, мектеп-лицейдің жаратылыстану-математика циклы пән мұғалімдері қамтылған. Мақсаты – заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асыруда STEM –білімнің тиімді әдістерін меңгеру, білім алушылардың шығармашылық, креативті ойлау дағдыларын дамыту, инновациялық жобалар жасауға бағыттау, өзгерістер, жаңа идеялар мен тәжірибелерді  бөлісу, курс аясында білім ошағының математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Ахатай Ақжан Ақарыстанқызы «Қазақстанда STEAM білім беруді дамытудың жол картасы шеңберінде» «Jana Talap» атты сертификатталған STEM тренерлерді даярлаудың халықаралық Қазақстан-Тайланд оқыту бағдарламасы бойынша 4-деңгейлі «Республикалық STEM тренер» мәртебесі бойынша оқуды сәтті аяқтап, сертификатталған тренер ретінде өз тәжірибесімен  бөлісіп «Сабақта STEM оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында мұғалімдермен семинар-тренингтер өткізді. Сонымен қатар мектеп-лицейде курс бағдарламасына сәйкес мектеп-лицейде STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсілдердің  теория мен практиканың үйлесімі екендігін  және оның өмірде немесе жұмыста, жеке тәжірибеде қолданылуын көрсете алатын нақты тапсырмаларды орындаудағы  игергерген әдістермен бөлісу мақсатында  жаратылыстану-математика пәні мұғалімдері шеберлік сыныптар ұйымдастырған. Ал Астана қаласында ұйымдастырылған «Қазақстандағы STEAM-білім беруді дамытудың стратегиясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы STEAM-білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланған республикалық ғылыми -практикалық конференцияда мектеп директоры Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлы, диектордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматова Гүлзат Елубайқызы және математика пәні мұғалімі Ахатай Ақжан қатысады. Аталған білім ордасы Қазақстанда STEAM-білім беру бағытын дамыту Жол картасының аясында «STEAMMektep Advancement» атты мектептерді сертификаттау бағдарламасын өткені үшін «Сaravan of Knowledge» КҚ және ҚР Оқу – ағарту бірінші вице-министрінің республика бойынша арнайы дипломы табысталған 19 мектептің қатарында болған. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Chevron компаниясының қолдауымен Сaravan of Knowledge гранттық бағдарламалары шеңберінде әзірленген  STEAMBOX– қызықты және практикалық сабақтарды өткізуге арналған құралдар мен материалдар жиынтығы мектеп ұжымына арнайы табысталған.

Білім ордасының бәсі білікті мұғалімдердің жетістігімен жоғары болатыны белгілі. Бұл ретте ұжымдағы ұстаздардың жеткен жетістігі жетерлік. Білім саласындағы түрлі байқау жеңімпаздары, үздік ұстаздар мектеп мақтанышы. Өткен оқу жылында мектеп ұстазадры қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. Атап айтқанда, Ахатай Ақжан математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған ІХ халықаралық шығармашылық байқауында ІІІ орын, Ибраева Айгерім қазақ тілімен әдебиеті пәні бойынша «Үздік цифрлық білім беру ресурсы-2022» облыстық байқауында «Үздік зерттеу» номинациясын, Тоқшылықова Замира бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама-2023» байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын, Бакирова Сәулеш бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама-2023» байқауының қалалық кезеңінде алғыс хат, Әділбек Гүлжан «Үздік математика пәні мұғалімі-2023» облыстық байқауының қалалық кезеңінің алғыс хат, Саулебекова Мария орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2023» байқауы ІІІ дәрежелі диплом, Сыдықова Жанна ағылшын тілі пәні бойынша облыстық «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2023» байқауында ІІ дәрежелі диплом, Әлімбеков Мұхшаһар Т.Бегелдинов атындағы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрінен өткізілген облыстық сайыста командалық құрамда ІІ орын, облыстық кезеңде ІІ орын, Алимбетова Зинайда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған өңірлік «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының ІІІ орын, Абай Темірлан Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы ұйымдастырған «Жас математик»  мұғалімдерге арналған  Қызылорда облыстық І шығармашылық байқауында І дәрежелі диплом, Саулебекова Мария орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2023» облыстық байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орын иегері атанған.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз бар.  Қайсыбір шәкірт болмасын ұстазына қарап бой түзейтіні рас. Мектеп-лицейдің табалдырығын аттаған оқушылар бүгінде мектеп абыройын асырып, ұстаз мерейін көтеріп жүрген жайы бар. Оған дәлел ретінде олардың өткен оқу жылында жеткне жетістіктерін атап өтуге болады. Оның ішінде, Айтөре Нұрай «Ясауитану» халықаралық байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын, Биқожа Нұржігіт «Жадымда қалған Желтоқсан» жас ақындар айтысының қалалық кезеңінде ІІ орын, Елікбай Расул «Зерде» мақал-мәтелдер сайысында ІІІ орын, «Мектеп театры» үйірмесінің оқушылары «Балалық шақтың балғын естеліктері» тақырыбындағы қалалық театрландырылған қойылымы байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын, Жұматай Сабина «Қыран елім – Қазақстаным» облыстық сурет байқауында ІІ орын, «Шоқай ұландары» командасы Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде І орын,  аймақтық кезеңі нде ІІ орын,  Бахтияр Айдана, Алдабергенқызы Ақмаржан облыстық Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінде  1 орын, Бақытбекқызы Назым бейнелеу өнері бойынша «Қысқы стоп кадр» тақырыбында өткен қалалық шығармашылық байқауда ІІ орын, Серік Жанель «Есіңе мені алғайсың» атты мектеп оқушылары арасында көркем оқудан қалалық байқауда ІІ дәрежелі диплом,  Пашабай Әли «Есіңе мені алғайсың» атты мектеп оқушылары арасында көркем оқудан қалалық байқауда ІІ дәрежелі диплом, Серік Манат «Есіңе мені алғайсың» атты мектеп оқушылары арасында көркем оқудан қалалық байқауда ІІІ дәрежелі диплом,  Маштай Нұрдәулет облыстық күйшілер байқауында ІІ орын, Ибрагим Жәмила облыстық күйшілер байқауында І орын, Нұржанұлы Нұрахмет математика пәнінен қалалық байқауда ІІІ орын,  Серікбаев Бақтияр қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық сайыста ІІІ орын, Дәулетхан Айқын «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінен І орын, Жалғасқызы Айбике «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІІ орын, Серікбаев Бақтияр қазақ әдебиеті пәнінен өткен қалалық байқауда ІІ орын, Ерғали Ерден «Bala fest» республикалық балалар шығармашылығы жобасынан І орын, Әбілахат Аяулым «Ең сүйкімді бүлдіршін – 2023» байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын, Серік Кәусар «Ясауитану»       халықаралық байқауының қалалық кезеңінде                                                              алғыс хат, Жақсылықова Асылзат «Ясауитану» халықаралық байқауының қалалық кезеңіне І орын, Жақсылықова Асылзат «Ясауитану»       халықаралық байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орын Мұнарбаев Нұржігіт  «Алтын қазына» көркем және сәндік өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын,  Шапшаң Абылайхан «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының  қалалық кезеңі «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойыншаІ орын, Жақсыбай Саян Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі өткізген «Ғылым және табиғат» атты химия,биология және география пәндері бойынша 9 сынып оқушыларына арналған олимпиадада ІІІ дәрежелі диплом, Серікбаев Бақтияр «Жарқын болашақ»атты республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі І орын, Шамшатдинов Бекарыс техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе,зымыран,көлік,кеме құрастыру) облыстық жарысының І кезеңі (қалалық) Ғ-3-Р (понолет моделі) І орын, Қалыбек Ханшайым Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығына орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Назым сөздің шебері» атты қалалық байқауда ІІІ орын, Құдайбергенова Шахло жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары»байқауының І кезеңінде ІІІ орын, Сарыбай Нұрбол қала мектептері оқушылары арасында өткізілген «Әскери техникалар макеті» байқауының қалалық кезеңінде І орын,  Бақытқызы Назым «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының қалалық кезеңінен ІІІ орын, Сұлтанова Жәния 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Туған жер-балалар көзімен» атты жас суретшілер байқауында ІІІ орын иеленген. Сонымен қатар мектеп оқушылары робототехника бағытында да биік белестерден көрініп келеді. Мәселен, Шапшаң Абылайхан «3DQYZYLORDA-2023» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында өткен қалалық сайыста І орын алса, Қожахметов Әліби «3DQYZYLORDA-2023»тақырыбында 9-11 сыныптар арасында өткен қалалық сайыста ІІІ орын, Мұстафа Арнұр «Robotek Grand Tournament»республикалық турнирінің қалалық кезеңінде ІІІ орын, Маштай Нұрдәулет «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің қалалық кезеңінде алғыс хат, Ақылбек Айбек «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің қалалық кезеңінде алғыс хат, Асылбек Диас «3D QYZYLORDA-2022» атты қала мектептерінің 9-11 сынып  оқушылары арасында қашықтықтан өткен  өткен байқауда ІІІ орын, Құлахметова Аягөз 7; «Samruk KIDS»орталығының ұйымдастыруымен «Информатика» пәнінен өткізілген қалалық байқауда І орын, Шапшаң Абылайхан (IT) мектеп – лицейлері арасында өтетін қалалық «DAGDYLAN» цифрлық дағдылар сайысында «Екі өлшемді және үш өлшемді анимация және үлгілеу» номинациясы бойынша ІІІ орын, Өсерқызы Манзура (IT) мектеп – лицейлері арасында өтетін қалалық «DAGDYLAN» цифрлық дағдылар сайысында «Видеомонтаж» номинациясы бойынша ІІІ орын,  Бекзат Ақжан (IT) мектеп – лицейлері арасында өтетін қалалық «DAGDYLAN»цифрлық дағдылар сайысында «Екі өлшемді және үш өлшемді анимация және үлгілеу» номинациясы бойынша алғыс хат иесі атанған. Ал ғылыми жоба қорғаушы оқушылар ішінде Бекзат Ақжан «Жас зерттеуші» І облыстық ғылыми-зерттеу жобалар байқауында ІІ орын, Ержанұлы Тахир «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсында І орын, Ыдырыс Аят «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсында ІІІ орын, Сәрсенбай Аяжан «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсында ІІІ орын, Рахманберді Сабыржан «ЗЕРДЕ» республикалық зерттеу жобалары конкурсында ІІІ орын, Жалғасқызы Айбике «ЗЕРДЕ» республикалық зерттеу жобалары конкурсында алғыс хат, Сұлтанғазы Нұрила «ЗЕРДЕ» республикалық зерттеу жобалары конкурсында алғыс хат, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің 85 жылдық мерейтойына орай жаратылыстану институты физика және математика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген І облыстық «Жас зерттеуші» ғылыми-зерттеу жобалар байқауында Шамшатдинов Бекарыс І орын, Ерболат Сәкен ІІ орын, Қожабекова Меруерт ІІ орын, Бақытбекқызы Амина ІІ орын, Қожанберлі Ақбота ІІІ орын, Шәріп Қайсар 3 орын, Айтбай Айгүл ІІІ орын, Қуанышбек Арман І орын, Махамбетали Гүлбақыт І орын, Бақтияр Айдана І орын, Дастанбек Жаннұр І орын, Құлахметова ІІ орын, Серік Нұрдәулет ІІ орын, Сәдуақас Сұңғат ІІІ орын, Дәулет Жанель  «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі «Ғылыми бағдар беру шеберханасы» орталығының  ұйымдастыруымен  8-10 сынып оқушылары арасында өткен ғылыми жобалар байқауында ІІ орын иеленген. Ал пәнаралық олимпиадаларда Ғалым Адина5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орын, Ғалымжанқызы Қарақат 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі ІІ орын, Жорабек Аружан, 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орын, Әбдіқадыр Аяулым 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Асқар Аят 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Қожанберлі Нұрдәулет5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Мажит Нұрасыл 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде І орын, Әмір Самат 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орын, Ертілеу Жансая 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орын, Шамбет Раййан 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орын, Самбулат Жансая 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орын, Мұхан Надирхалиф 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Сейдулла Ақбота 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Төлеп Жансая 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Орынбасар Ақбота 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Жамалханқызы Зарина 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Қалыбек Ханшайым 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде алғыс хат, Қожабай Қарақат 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде алғыс хат, Шапшаң Абылайхан 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде алғыс хат, Мажит Нұрасыл 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ орын, Ыдырыс Нәби математика пәнінен Академик Байзақ Момынбаев атындағы дәстүрлі қалалық олимпиадада алғыс хат, Жақсыбай Саян Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі ұйымдастырған «Ғылым және табиғат» атты химия, биология және география пәндері бойынша                  сынып оқушыларына арналған олимпиадада ІІІ орын, Дастанбек Жаннұр жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде алғыс хат, Алиакбар Айша жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Ыдырыс Нәби жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Каримов Ильяс жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Бүркітбай Нұржан жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІІ орын, Ыдырыс Аят жалпы білім беру ұйымдары арасында өткізілген математика пәні бойынша қалалық олимпиадада І орын, Жалғасқызы Айбике жалпы білім беру ұйымдары арасында өткізілген математика пәні бойынша қалалық олимпиадада ІІІ орын, Дәулетхан Айқын жалпы білім беру ұйымдарында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау»республикалық математикалық турнирінің қалалық іріктеу кезеңінде ІІІ орын, Дәулетхан Айқын математика пәнінен 3-4 сыныптарға арналаған «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ орын, Ертілеу Жансая Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қазақстан тарихы пәнінен Темірбек Жүргенов  атындағы олимпиада облыстық кезеңінде І орын, білім гранты, Махамбетали Гүлбахыт Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен фзика пәнінен олимпиадада алғыс хат,  Қуанышбек Арман Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен физика пәнінен олимпиаданың облыстық кезеңінде алғыс хат, Сағынышова Арайлым Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен фзика пәнінен олимпиада облыстық кезеңінде ІІ орын, Бапанов Дамир Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен құқық пәнінен олимпиада облыстық кезеңінде ІІІ орын, Бахтияр Айдана Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен журналистика мамандығынан өткен олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ орын жеңіп алған.

Білім ордасының шәкірттері тек білім бәсекесінде емес спорттық шаралаларда да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мәселен, №187 мектеп командасы 6-7 сынып оқушылары (қыздар) арасында «Бес асық» спорт түрінен өткен жарыста І орын,  Елеужан Наргиз «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңіңде диплом иегері,  №187 мектеп командасы волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында өткізілген жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде Г тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста І орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста 1 орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы жарыста 1 орын,  №187 мектеп командасы «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде В тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІ орын, №187 мектеп командасы «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде А тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Шахмат» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы жарыста 3 орын, №187 мектеп командасы «Баскетболдан алтын доп»  Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста 3 орын, №187 мектеп командасы «Асық ату» ұлттық спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорты бойынша қалалық спартакиадасында ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Үстел теннисі» спорты түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген жарыста І орын, №187 мектеп командасы «Асық ату» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген жарыста ІІ орын, №187 мектеп командасы қалалық эстафетада І орын, Ерболат Сәкен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай мектеп оқушылары арасында өткенқол күрес сайысында  І орын, №187 мектеп командасы «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай мектеп оқушылары арасында өткен арқан тарту жарысында ІІ орын, Камал  Томирис «Бірліктің бастауы, Елдіктің дастаны – Наурыз» мерекелік шара аясында бес асықтан жарыста І орын, Бағдатқызы Аружан «Бірліктің бастауы, Елдіктің дастаны – Наурыз» мерекелік шара аясында бес асықтан жарыста ІІ орын жеңіп алған.

Білім бәсекесінде озық келе жатқан мектеп-лицейдің тарихы мен бүгінге дейінгі жетістігі көңіл қуантарлықтай. Ұстазы білікті, шәкірті білімді ұымның қашанда абыройы биік болары анық. Ең бастысы – оқушының сапалы білім алуы мен дамып өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасаумен қатар «ІТ математика» жобасын қолға алып, жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба барысында мектеп-лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шараларды іске асыру, әрбір педагог қызметкердің жұмыс нәтижесі, білім сапасы (есепке алу, сараптау, талдау, бағалау) туралы электрондық ақпараттық  банк құру ,мектеп-лицей оқушыларының білім сапасын бағалау, мониторинг жүргізу және білім беру үдерісін бақылаудың жаңашыл, заманауи электрондық түрлерін енгізу мектеп-лицейдің басты міндеттері. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытуда мектеп ұжымының алдында әлі де жетер жетістіктері, алар асулары, бағындырар белестері алда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: