Сәрсенбі, 24 сәуiр, 09:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Вакцина алған студенттер Елордаға саяхаттауға жолдама алды

16.08.2021

982 0

Еліміздегі коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру, денсаулықты нығайту мақсатында 30 шілде күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Вакцина алып, ұтысқа қол жеткіз!» атты лоторея ұйымдастырылған болатын. Аталған акцияға вакцина алған білім ордасының қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты. Жеңімпаздар университеттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында лото жәшігінің көмегімен кездейсоқ тәсілмен анықталды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова «Вакцина алып, ұтысқа қол жеткіз!» лотореясының жеңімпаздарына жолдама табыстады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бас шаһарымыз Нұр-Сұлтан қаласына арналған жолдамаға 30 студент ие болды. Сондай-ақ, 30 студент жазғы тынығу лагеріне жіберілмек. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қызметкерлер мен студенттерге фитнес залға 30 тегін абонемент, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің бассейніне 30 тегін абонемент берілді. Бұдан бөлек, 30 студент бір оқу жылына жатақханаға тұруға 50% жеңілдік алды.

Б.Кәрімова, университет ректоры:

«Пандемиядан тез құтылу үшін вакцина салу жұмыстарын күшейту керек. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана аурудың таралуына мүмкіндігінше жол берілмейді және әріптестер арасында бір-біріне жұқтыру азаяды. Мамандардың пікірінше вакцина салдыру – аурудың алдын алудың ең сенімді әрі барынша тиімді шарасы, вакцина емдемейді, қорғайды», -деді.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі оқу форматына көшу жоспарлануда. Осыған сәйкес, қазіргі таңда оқу ордасының қызметкерлерінің 94% , білім алушылардың 70% екпе салдырған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: