Сейсенбі, 16 сәуiр, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Өрендер кеудесінде «Елбасы медалі»

03.04.2021

2744 0

«Білімдінің – күні жарық» деп  бекер айтпаған. Әсіресе бүгінгі күні білім қуған жастарға жол ашық, қолдау бар. Өңірдің осындай білімді, талантты, озық ойлы өрендері жуырда «Елбасы медалінің» иегері атанды.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған жас таланттар мен көш­басшыларды қолдау бағытындағы «Ел үміті»  атты жаңа жоба аясында облыстың 62 оқушысы «Елбасы медальін» иеленді. Бұл жоба – индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім беру және мемлекеттік басқару саласы бойынша кәсіпқой элитаға лайық оқушылар мен жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылып отыр.

«Елбасы медалі» алтын, күміс, қола деңгейі бойынша сарапталады. Ол үшін оқушылар 6 айдан бір жарым жылға дейінгі аралықта еңбектенеді. Яғни қола медальді иелену үшін 6 ай,  күміске 12 ай, алтынға жету үшін 18 ай бойы тынымсыз күреседі. Жоғары оқу орны, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан жоба талабын орындап, оза шапқандар үздік атанады. Бұған облыс бойынша 430 оқушы қатысқан. Оның 57-сі қаладағы білім ошақтарының оқушылары.

Жоба қорытындысы бойынша үздік деп танылған аймақтың 62 оқушысы қола жүлдегер атанып, «Елбасы медалін» ием­денді. Соның бірі – қаладағы №101 мектеп-лицейдің оқушысы Бексұтан Әбдіраш.

– «Елбасы медалі» жобасы ұлттық деңгейде ұйымдастырылған. Жеті ба­ғытты қамтитын жобада спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар, еңбек тәжірибесі бойынша тапсырмалар берілді. Берілген тапсырманы 6 ай бойы талапқа сай орындауға тырыстым. Нәти­жесінде жобаның қола жүлдегері атандым. Жобаға қатысу барысында қиындықтар болды. Алайда мен уақытымды тиімді өткізуді, мақсат қоюды, өз-өзімді дамы­туды үйрендім, – дейді Бексұлтанның өзі бізбен әңгімесінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: