Сәрсенбі, 03 шiлде, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Аквапарктің киім ауыстыратын бөлмесінде бейнебақылау камерасы орнатылған

24.06.2024

255 0

Сурет: Massaget.kz

Шымкенттегі аквапаркте әйелдердің киім ауыстыратын бөлмесінде бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл туралы редакциямызға қала тұрғыны айтып хабарласты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Біз бұл аквапаркке алғаш рет бардық. Әпкем бірінші киініп келуге кетті, сосын келген соң маған «Әр бұрышта камера бар екен, қалай киінерімді білмедім» деді. Сосын өзім киінуге барғанда да байқадым. Жалпы киім ауыстыратын залда 10-15 шақты камераны байқадым. Бір көзге адам байқамайды негізінде. Әр қатарда камера орнатылған. Адам камераға көрінбейтін жер жоқ. Тығыла алмайсын мүлдем. Сол жерде адамдар шешініп жатыр. Басқа жер жоқ», – деді Шымкент тұрғыны.

Ол мұны аквапарк әкімшілігінен нақтылап сұрамаған, өйткені жабылатын уақытта барғандықтан, көпшілігі жұмыс орнында болмаған көрінеді.

Бұған қатысты Шымкент полиция департаменті түсінік берді.

Ведомство аталған жайт бойынша тексеру жүргізіп, бейнебақылау камералары істемейтінін анықтады.

«Демалыс орнының басқарушысының айтуынша, бейнебақылау камерасы муляж ретінде койылған, ешқайда жалғанбаған және ешқандай жазба жүргізбейді. Бейнебақылау камераларының жазбасын сақтау бөлмесі тексеріліп, нәтижесінде киім ауыстыру бөлмелерінің жазбасы анықталмағанын хабарлаймыз», – деп хабарлады Шымкент полициясы 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: