Жексенбі, 05 мамыр, 06:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ойнауға шыққан 4 жасар бала із-түзсіз жоғалды

02.12.2023

837 0

Фото: massaget

Түркістанда 4 жасар бала із-түзсіз жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

1 желтоқсанда кешке полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізді.

Ер адамның арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.

«Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 сантиметр, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқкиім болған», – делінген хабарламада. 

Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ, 102 нөміріне хабарласу сұралады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: