Жексенбі, 30 маусым, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Желіде АҚШ-та вандализм жасаған қазақстандықтар қызу талқыға түсті

29.06.2024

232 0

Сурет:видео кадрдан

Қазақстандықтардың АҚШ-та жасаған вандализмі туралы бейнеролик қоғамдық резонанс тудырды, – деп хабарлайды Massaget.kz

Шәкәрім Абдоллаев есімді жігіт Tiktok-парақшасында қазақстандықтардың АҚШ-та жасаған вандализмін көрсететін бейнеролик жариялады. Видео авторы отандастардың бірі өзінің туған қалаларының – Атырау мен Шымкент қалаларының аттарын қала орталығындағы мүсінге сызып, жазып кеткенін атап өтті.

Ол мұндай әрекеттерге қатысты пікірін білдірді.

«Тастарға жазу, қандай ақымақтық? Мен тарихта қалғыңыз келетінін, ізіңізді қалдырғыңыз келетінін білемін, бірақ есте қалудың басқа да жолдары бар! Халқымыздың абыройына нұқсан келтірмей, тыныш жүрейік, бауырлар», – деп жазған ол.

Шәкәрім Абдоллаев жазбасында оқырмандарына вандализмнің не екенін түсіндіріп, тарихи орындар мен ескерткіштерге зиян келтірмеуге шақырды. Ол мәдени мұраны құрметтеудің және өз халқының беделін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Желі қолданушылары видео авторын қолдап, вандализм жасағандарға ашуланды. Олар видео астына түрлі пікір қалдырған. 

«Бұл вандалдар әлі де эволюция сатысында», «Жабайылар», «Өкінішті», «Ал, неге біз осындаймыз?» – деп пікір қалдырған олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: