Жұма, 26 сәуiр, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жолдау жүктеген тапсырма қалай орындалуда?

12.07.2022

2047 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының жарияланғанына біршама уақыт болды. Жолдауда қамтылған барлық мәселе қоғам үшін өзекті. Соның ішінде мемлекетті оңтайлы басқарудың жаңа үлгісіне өту, азаматтардың мүддесін лайықты қорғау және олардың мемлекет басқару ісіне қатысуын кеңейту бағыттарына баса назар аударылып, жүйелі жұмыстардың қолға алынуы қарапайым халықтың атқарушы билікке деген сенімін арттыра түскені жасырын емес.

Президент азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын кеңейту мәселелерін басым бағыттар қатарына жатқызып, тиісті тапсырмалар берді. Олар жүйелі түрде орындалып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне тарту ісі серпін алды. Соның бірі – ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлау үрдісі. Бұл бастама Сыр өңірінде де жүйелі жүргізіліп келеді.

Президент пәрмені

«Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ахуал  мүлде басқа. Бүгінгі сын-қатерлер де, міндеттер де  бөлек. Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. Мен  бұл мәселеге  2019 жылғы Жолдауымда  кеңірек тоқталдым. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным  әрдайым  өзекті. Осы орайда, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы  өте маңызды. Бұл қай жағынан алсақ та дұрыс қадам болды. Оны  халық  өте жылы қабылдады. Мен  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда осы үрдіс жалғасатынын айтқан едім. Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қараған жөн. Қазіргі кезде ауылдық округтер жоғары тұрған әкімдерге толығымен тәуелді. Сондықтан мардымсыз қолдауға ие болуда. Әкімдер сайланатынын ескеріп, халықаралық озық тәжірибеге сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тәсілін енгізген дұрыс болар еді. Сондай-ақ олардың меншік базасын едәуір кеңейту қажет», – деді Президент.

Қазір әділеттілік, іскерлік, ұйым­дас­тырушылық қарапайымды­лық қа­ғидаттары халық сұранысына сай іске асуда. 

– Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығая түсуі өңірлер­ді дамыту, масылдық көңіл-күйді төмендету және еліміздегі демокра­тиялық өзгерістерді ор­нықтыру үшін жаңа мүм­кіндіктерге жол ашады. Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қалануға тиіс. Бұл біздің елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін арт­тыруды қамтамасыз етеді. Жаңа Қазақстан дегені­міз – егемен еліміздің болашақ­тағы бейнесі. Өз елінің ер­теңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал кел­тіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын бо­ла­шақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір аза­мат­тың конституциялық құ­қығы мүлтіксіз сақталуын қам­тамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне не­гіз­делген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз, – деді Мемлекет басшысы. 

Өңірдегі өзгеріс

Облыстық статистика департа­мен­­тінің мәліметтеріне сүйенсек,  Қы­зылорда қаласының әлеуметтік-эко­номикалық даму көрсеткіші жо­ғары екені байқалады. Атап айтар болсақ, қала көлемінде биылғы өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 299904 млн теңгеге артқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 91,6 процентті құ­рай­ды. Кен өндіру өнеркәсібінде есепті мерзімде 1697,5 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда 92,2 процентке жеткені анықталған. Өң­деуші өнер­кәсіп саласында 18633 млн тең­генің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 82,9 процентке жеткен. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 6,2 проценті.

Өткен жылдың тиісті кезеңі­мен салыстырғанда мұнай өңдеу өнім­де­рін өндіру ісі 11,5 процент, өзге ме­талл емес минералдық өнімдерді өн­діру 19,1 процент, машина жа­сау – 38,1 процент, машиналар мен жаб­дықтарды жөндеу және орна­ту – 29,5 процентке азайған. Ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2022 жылдың қаңтар – мамыр айында 1477,1 млн теңгені құрап, өнімнің нақты кө­ле­мінің индексі өткен жылдың са­лыстырмалы кезеңі­мен 100,2 про­центке жеткен. 2022 жылдың қаң­тар – мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвес­тиция кө­лемі 47 404 млн теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы ке­зеңімен 115,1 процентке артты. Облыстағы үлесі 56,2 процент. 2022 жылдың қаңтар – мамыр айларында құрылыс жұмыстарының кө­лемі 11478 млн теңге құраса өткен жыл­дың салыстырмалы кезеңі­мен са­лыстырғанда 119,8 процент­ке жет­кені анықталып отыр. Айма­ғымызда атқарған құрылыс жұ­мыстарының 68,8 проценті қаланың үлесіне тиесілі.

Пайдалануға берілген тұрғын үй­лердің жалпы ауданы 133302 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыс­тырғанда 116,3 процентке арт­ты. Бұл қала бюджетінің 2022 жы­лдың 1 маусымына кірістер болжамы бойынша (трансферттер мен зайым­дарды қоса есептегенде) 16015,4 млн теңгені құрап, 103,2 процентке орындалды.

Қала бойынша жұмыс істеп тұр­ған шағын және орта кәсіпкерлік ны­сандардың саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен есепте­генде 110,7 процентке артқан. Тағы бір айта кетерлігі, қала көле­мінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 28 330 бірлікті құрайды. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 24926 бірлік. «Қарапайым зат­тар экономикасын дамыту» бағ­дарламасы бойынша басымдық бе­рілген жобаларды жеңіл­дікпен не­сиелеу бағдарламасы шеңберінде құны 228 млн тең­гені құрайтын 2 жоба қолдау тауып отыр. «Қазақстан Рес­­­пуб­ликасының индустриялық-ин­­но­вациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемле­кеттік бағдарламасы аясында қаласы бойынша «Индустриялан­­дыру картасына» енгізілген жал­пы құны 68,1 млрд теңгені құ­райтын 12 жоба (868 жұмыс орны) жүзеге асырылуда. Жол­дауда туындаған негізгі басым бағыттардың орындалуы ая­сында экономикалық белсенді халық саны 134,9 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,7 про­центке азайған. Жыл басынан бері жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар саны  4927, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 2410 адам. 2021-2025 жылдарға ар­налған кәсіпкерлікті да­мы­ту жөніндегі Ұлттық жо­басы аясында жыл ба­сынан бері 1980 адам қоғамдық жұмысқа, 146 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Жастар тәжірибесіне 377 жас маман жолданған.

Тұрар ШАЙДУЛЛАҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: