Жексенбі, 31 мамыр, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40 (2252)
30.05.2026
PDF мұрағаты

Ветеринария қызметкерлерінің еңбекақысы өседі

31.05.2026

26 0

фото: shutterstock

Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қаулыға сәйкес, ветеринария ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры 1,5-2,5 есеге дейін артады. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын 80%-ға дейін жаңарту және толықтыру жоспарланып отыр.

Кешенді жоспар халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға, сондай-ақ жануарларды аурулардан сақтау мен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

«Жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстанда бүгінде аусыл, африкалық жылқы обасы, африкалық және классикалық шошқа обасы секілді жануарлардың бірқатар аса қауіпті аурулары бойынша  тұрақты эпизоотиялық ахуал қалыптасып, халықаралық мәртебеге ие болып отыр. Бұл өз кезегінде отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Қазіргі таңда елімізде ветеринариялық препараттар өндіретін 21 зауыт жұмыс істейді. 

Сонымен қатар Қазақстан аумағын жануарлардың аса қауіпті ауруларынан қорғау мақсатында шекара маңында 67 ветеринариялық бақылау бекеті жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазақстан шекарасы арқылы импорттық, экспорттық және транзиттік операциялар барысында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 700 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімін тасымалдаған 60 мыңға жуық автокөлікті тексеруден өткізді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: