Сенбі, 30 мамыр, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40 (2252)
30.05.2026
PDF мұрағаты

Фракция мүшесі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

30.05.2026

62 0

Фото: «AMANAT» партиясы

Бүгін партия алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Батырхан Базарбаев қоғамдық қабылдау өткізім азаматтар өтінішін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың бірі Шиелі ауданындағы теміржол саласында еңбек өтілі бар екенін айтып, Қызылорда қаласынан қызмет ауыстыруға ықпал етуді сұрады. Өтініш иесіне алдағы уақытта бос жұмыс орындарына конкурс жарияланатыны, соған құжат тапсырып, конкурсқа қатысуға болатыны түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындардың бірі өзі тұрып жатқан көшеге түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарына ықпал етуді сұрады. Фракция мүшесі азаматтың өтініші бойынша көше тұрғындарының атынан жазбаша ұжымдық арызды партияның облыстық филиалына жолдау ұсынды.

Қабылдау барысында әрбір өтініш назарға алынып, азаматтарға заң аясында тиісті жауаптар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: