«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапарында «СКЗ-U» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты.
Басқосуда төраға партияның алдағы міндеттері, ел дамуына бағытталған бастамалары мен сайлауалды бағдарламада қамтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірілді. Әлеуметтік мәселелерді шешу, жастарды қолдау, жұмыспен қамту, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.
Серіктестік құрамынан ұсыныс білдірген азаматтарды партия қатырына қабылдап, «СКЗ-U» бастауыш партия ұйымын ашты. Бұл – партия жұмысының еңбек ұжымдары арасында жанданып, кәсіпорын қызметкерлерінің қоғамдық-саяси белсенділігінің арта түскенінің айқын көрінісі.
Жиында сөз алған «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Сағыныш Орынбасаров кәсіпорын мен партия арасындағы өзара ынтымақтастықтың бұрыннан да сақталып келе жатқандығын тілге тиек етіп, алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы бастамаларға қолдау білдіріп, ұжымның қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатынын жеткізді.
Кездесу соңында партияның облыстық филиалының төрағасы өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғамдағы орны мен еңбегінің маңыздылығына ерекше тоқталып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
