Жексенбі, 31 мамыр, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40 (2252)
30.05.2026
PDF мұрағаты

Мұғалімдер оқушыларға жұмыс уақытында ғана жауапты: Сенат жаңа заңды мақұлдады

31.05.2026

37 0

фото: shutterstock

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары екі оқылымда педагогтердің міндеттері мен құқықтық жауапкершілігін қайта қарайтын заңнамалық түзетулерді талқылап, мақұлдады. Жаңа құжат мұғалімдерді жұмыс уақытынан тыс уақыттағы оқиғалар үшін жауапкершіліктен босатады және мектептердегі смартфондарды пайдалану тәртібін реттейді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Мақұлданған заң жобасы білім беру процесін жүйелеуге және мұғалімдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірнеше маңызды жаңашылдықтарды қарастырады.

Мұғалімдердің жауапкершілігі тек жұмыс уақытымен шектеледі

Енгізілген түзетулердің ішіндегі ең негізгісі – педагогтер мен мектеп басшылығының шәкірттер өміріне қатысты құқықтық жауапкершілік аясын нақтылау.

Ендігі жерде педагог және білім беру ұйымының басшысы білім алушылар немесе тәрбиеленушілермен болған кез келген оқиғалар үшін тек өздерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезеңінде, яғни, ресми жұмыс уақыты мен сабақ үстінде ғана жауапты болады. Бұл норма мұғалімдерді сабақтан тыс уақытта, мектептен тыс жерлерде балалардың қатысуымен болатын келеңсіздіктер үшін негізсіз айыптаудан қорғауға мүмкіндік береді.

Мектептердегі ұялы телефондар

Сонымен қатар жаңа заң аясында Оқу-ағарту министрлігіне арнайы құзырет беріліп отыр. Министрлік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы телефондарды пайдалану қағидаларын жеке әзірлеп, бекітетін болады. Бұл мектеп қабырғасындағы оқу процесінің тиімділігін арттыруға және балалардың сабақ үстінде гаджеттерге алаңдамауын заңдық деңгейде реттеуге бағытталған.

Сенат депутаттары тарапынан толық қолдау тапқан заң жобасы ресми түрде қабылданып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберілді. Президент қол қойып, ресми БАҚ-та жарияланғаннан кейін заң өз күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерге жаңа аттестаттау тәртібін түсіндірген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: