Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапарында «Жастар – еріктілік жолында» атты аудан жастарының слетіне қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында еріктілік мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық белсенділікті арттыру және өзекті мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасу алаңын құру.
Еркін, ашық форматта өткен кездесу барысында филиал төрағасы жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, еріктіліктің қоғам үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ, еріктілік – тек көмек көрсету емес, азаматтық жауапкершілік пен елге деген жанашырлықтың айқын көрінісі екенін жеткізді.
Диалог алаңында жастар саясаты, білім, кәсіп, жұмыссыздық, әлеуметтік белсенділік, экология, патриоттық тәрбие және цифрлық сауаттылық мәселелері кеңінен талқыланды. Жастар өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық білдірді.
Шара соңында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, еріктілік бағытында ерекше атсалысып жүрген бірқатар жастар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, слет аясында мотивациялық кездесулер мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, жастардың жаңа бастамаларына қолдау көрсетілді.
Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың бірлігін нығайтып қана қоймай, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
