Жексенбі, 30 маусым, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қарағанды ​​соты оқушыны орамал таққаны үшін оқудан шығаруды заңсыз деп таныды

30.06.2024

206 0

Фото: depositphotos.com

Қарағанды ​​соты орамал таққаны үшін мектептен шығарылған оқушы қызға қатысты істі қарап, шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

28 маусымда Қарағандының әкімшілік соты 2023 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінен сабаққа келмегені үшін оқудан шығарылған оқушы қыздың әкесінің арызын қарады. Діни сеніммен орамал тағатын оқушы қыз басындағы ақ орамалын шешуден бас тартқаны үшін мектеп басшылығы оны мектепке кіргізбей қойған. Ал кейінірек “сабаққа келмеді” деген себеппен оқудан шығарып жіберіпті. 

13 жастағы Әнелдің әкесі Болат Мусин алты айдан астам уақыт бойы баласын мектепке қайтаруды сұрап, түрлі мемлекеттік органдар мен сотқа жүгінген. Соттар істі қарауды кешіктіріп, түрлі себептермен талап арыздарды қараудан бас тартқан. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ғана әкімшілік іс бойынша сот отырысы өтті. 

Сот ата-ананың талап арызын бір күнде қарап, тараптардың ұстанымын тыңдап, қыздың қалай киінгенін, басындағы орамалының қандай екенін қарай отырып, талаптарды ішінара қанағаттандырып, оқушыны мектепке қайта қабылдау туралы шешім шығарды. Сот шешімімен мектептен шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танылып, оқушы 8-сыныпқа көшірілуі тиіс. 

“Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, құқықтарымыздың шектеліп жатқаны ренжітеді, оның үстіне, оқуышы елге пайдасын тигізетін дарынды бала болса», – деді сотта талапкер Болат Мусин.

Айыпталушы мектеп өкілі сотта оқудан шығару туралы шешімнің заңды екенін алға тартты. Ол ата-ана баланы дұрыс келбетке келтіруге міндетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, хиджаб пен орамал мектеп формасына жатпайды. Мектеп өкілі соттан талапты қанағаттандырмауды сұрады.

Сотта мүдделі тарап ретінде әрекет ететін оқу-ағарту министрлігінің өкілі дауды шешуді соттың қарауына қалдыратынын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: