Жұма, 17 мамыр, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады

12.08.2022

617 0

Елордада 15 тамыз күні Digital Rights Center Qazaqstan және М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ұйымдастырған Кибер құқық мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Курс цифрлық экономика және құқық саласындағы заңгерлер үшін құзыреттілікті дамыту, цифрлық құқық саласындағы біліктілікті арттыруға арналған.

Электрондық және мобильді ақша, жасанды интеллект және үлкен деректер, блокчейн, криптовалюта және смарт-келісімшарттар, интеллектуалдық меншіктің цифрландыруы — осы және басқа да көптеген мәселелер қазіргі заң ғылымының негізгі салаларының бірі ретінде кибер құқықтың маңызды және үнемі дамып келе жатқан бөліктерін құрайды.

Бүгінгі күні цифрлық технологиялар құқықта да экономиканы қалыптастыра отырып, оның шоғырланған көрінісі ретінде барлық адамдар мойындайды.

Бағдарлама аясында тыңдармандар Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқыққа сәйкес цифрлық ортадағы реттеудің өзекті практикалары туралы біліп, киберкеңістікте қалыптасатын құқықтық қатынастармен жұмыс істеу дағдыларын алады, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша тәжірибе жүргізетін кибер заңгерлердің белсенді нетворкингіне қосылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: