Дүйсенбі, 01 шiлде, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Аға мен қарындас

01.07.2024

72 0

Қазақ әдебиетінде шағын әңгіме жанрын шыңға шығарған Бейімбет Майлин болса, жазушының жолын қуған суреткердің бірі – Сайын Мұратбеков. Қаламгердің «Жабайы алма», «Жусан исі» шығармаларын оқымаған адам аз шығар. Оның шығармаларында, оқырманның жан дүниесін қозғайтын лирика басым. Соғыс ауыртпалығы, қарапайым еңбек адамдары, балалар тақырыбында көбірек қалам тартқан Мұратбековтың «Менің қарындасым» кітабы мүлде жаңа лепте. Әңгіменің бас кейіпкерлері екі адам – автор және қарындасы. Жазушы қыздың жүрегінде оянған алғашқы махаббат жөнінде толғанады. Қысқа ғана жазба әр адамның балауса сезімін еске түсіретіндей.

-«Қарындасымның қазіргі жүріс тұрысы да, сөйлеуі де, езу тартып күлгені де басқаша. Бойы сұңғақтанып, қара-торы ерке жүзі ашаңданған, есейгендік пішін бар, ойнақтап тұратын отты көздері де байсалды. Ойлы қарайды. Жаңадан тіккізген қызыл пальтосы да өңіне жарастық беріп тұр. Бір сөзбен айтқанда қарындасым тамаша, сұлу қыз болыпты. Қыз деген тез бой жетеді деп апамның талай айтқаны есіме түсті. Бірақ, мен оның әсем сұлулығынан гөрі, тиісе кетуден тайынбайтын ерке қылығын сағынып келген едім ғой. Ойлап қарасам, айтты айтпады бой жететін жасқа келіп қалыпты. Енді бір айдан кейін, тура он жетіге толады екен.»

Әдетте махаббат тақырыбындағы шығармалардың көпшілігінде үлкендер өзінен кішілердің сезімін қызғыштай қориды. Сайын Мұратбековтың ерекшелігі, әңгіме ағасы қыздың еркіндігін шектемейді, қайта тілекші болып, қарындасының есейген сәтіне жылы қабақ танытады. Әсілінде қорған болу деген әркімнің көзқарасына қолдау таныту шығар.

«Менің қарындасым» әңгімесінде ауыл адамдарына ешкім ұқсамайтынын, қоспасыз қасиеттері шебер суреттелген. Мысалы, апасы Әминаның ұнатқан жігітінің оқуға кеткенін қаламайды. Баласы үшін білім алмақ болған азаматтың әрекетін құптамайды.

Суреткер қаламының қарымында осы тұстан аңғарғандай боламыз. Автор туындысы арқылы сезімді аялауға сүйіспеншілік қасиетін, қадірлеуге шақырады. Өмір заңына қарсы шықпай, қуанышты көңілмен қуануға үндейді. Осындай сәтте, мына бір қызық дерекке назар аударайық, «Менің қарындасым» жазылған соң, ешбір басылым оны алғашында баспай қойған. Уақыт өте келе, шығарма Тахауи Ахтановтың қолына түсіп жазушының сәт-сапар тілеуімен, баспасөз бетін көрген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: