Сейсенбі, 02 шiлде, 20:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Маман сертификаты маңызды

02.07.2024

90 0

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының

2020 жылғы 7 шiлдедегi

№360-VI ҚРЗ Кодексінің 27-бабының 4-тармағының

2) тармақшасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы маманның тиісті сертификаты болмаса фармацевтикалық практикамен айналысуға тыйым салынады.

Сертификаты жоқ тұлғаның заңсыз фарма­цевтикалық қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК 424-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Осыған байланысты фармацевтикалық бі­лі­мі бар мамандар фармацевтикалық практика­мен айналысу үшін маман сертификатын алуы қажет.

Дәрілік заттардың және медициналық бұйым­­дардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру тәртібі Қазақстан Респуб­ликасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Денсаулық сақтау сала­сындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (2022 жылғы 15 қарашадағы №ҚР ДСМ-134 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен) 3-қосымшамен реттеледі.

Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес, дәрі­лік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын алу үшін www.elicense.kz дерек­қорына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) орта (техникалық және кәсіптік), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім туралы диплом;

2) басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) фармацевтикалық білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат;

3) мәлімделген мамандық немесе маман­дандыру бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде сертификаттау кезінде жалпы саны кемінде 4 кредит (120 сағат) бойынша біліктілігін арт­тыру туралы куәлік (сертификат алуға өтініш берген кезде 5 (бес) жылдан кешіктірмей фар­мацевтикалық оқуды аяқтаған оқу орнының түлектерін қоспағанда);

4) мәлімденген мамандық немесе маман­дандыру бойынша жалпы көлемі кемінде 8 кре­дит (240 сағат) біліктілігін арттыру туралы куәлік (мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар үміткерлер ұсынады);

5) кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі (фармацевтикалық білім беру түлектері және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар үміткерлер үшін);

6) еңбек қызметін растайтын құжат.

Мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс өтілі және соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттырған куәлігі кемінде 4 кредит (120 сағат) көлемінде бар қызметті алушылар кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі құжатын ұсынбастан бастапқы сертификаттауға жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің73-бабына сәйкес тыңдау рәсімі жүргізіледі.

Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке (Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, №27, «Денсаулық үйі» ғимарат, 104-кабинет, тел: 8 (7242) 23-40-59 )хабарласу қажет.

Наурыз СИСЕНБЕКОВ,

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: