Сенбі, 18 мамыр, 09:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Рұқсатсыз қалдықтар анықталуда

04.05.2024

410 0

Сурет: inbusiness.kz

Қоқыс тастау мәдениеті әлі де қалыптаспай келеді. Қызылорда облысы бойынша экология департаменті бұл ретте рұқсатсыз қалдық тастау орындарын анықтау жұмыстарымен айналысуда.

– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ арасында қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша келісімшарт жасалып, 2018 жылдан бастап қала маңындағы 50 км белдеуде орналасқан бей-берекет қалдықтар орындарын жою көзделген, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл.

Мәселен, 2023 жылы «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен жүзеге асырылған ғарыштық мониторинг нәтижесімен 74 рұқсатсыз қалдық орындары анықталып, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып, қысқа мерзімде анықталған қалдықтар орындары толық жойылды. Заңсыз қалдық орындарын болдырмау жөніндегі жұмыстардың нәтижесімен рұқсатсыз тасталған қалдықтардың орындары жыл сайын азайып келеді. Мысалы, 2018 жылы 240 орын анықталса, 2019 жылы бұл дерек 228-ге түскен. Ал 2020 жылы 136 орын анықталған. Сондай-ақ 2021 жылы – 105, 2022 жылы – 99 орын анықталса, 2023 жылы 74 рұқсатсыз қалдық орны назарға ілікті.

– Бұл көрсеткіш жылдан-жылға азайып келе жатса да халық арасында үйреншікті жерлерді ластау тыйылмауда. Бүгінде Қызылорда облысы стихиялық қалдық орындарын жою жөнінде атқарылған шаралар нәтижесі аймақтар көрсеткіштерінде алғашқы орында. Сонымен қатар маңызды атап өтетін жайт, стихиялық қалдықтар орындарын жоюдан бөлек, бірінші ретте заңсыз қалдық орындарының түзілуін болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. Алдағы уақытта қала аумағында заңсыз қалдық орындарын анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды тоқтатпаймыз, – дейді Б.Сейіл.

Таза қала – өз үйің. Тазалықтың қай кезде де жоғары мәдениеттің көрінісі екенін ұмытпаған абзал.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: