Сейсенбі, 16 шiлде, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

11 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

11.07.2024

246 0

Сурет: 7дней,ру

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, қан қысымыңыз көтерілуі мүмкін. Достарыңыз сөйлесуден бас тартса, алаңдамаңыз. Өмірде қарым-қатынас пен маңызды мәселелер арасында таңдау жасауға тура келетін сәттер болады.

Торпақтар

Тамақтану мен диетаға ерекше назар аударыңыз. Артық тамақтану қауіпті. Қиын шешімдер қабылдамаңыз, салдары жағымсыз болуы мүмкін. Отбасыңызға қамқорлық танытып, көмектесіңіз. Олардың кейбіреулері бүгін қиын жағдайды бастан кешіріп жатқан болуы мүмкін. Оларға сіздің көмегіңіз қажет.

Егіздер

Бүгін уақытыңызды үйде, кең жайылған дастарханда жақындарыңызбен өткізіңіз. Күніңіз отбасымен тек жағымды эмоциялар тудыратын фильмдер көрумен аяқталсын. Әріптестеріңіз бен серіктестеріңізді материалдық жағынан және мансаптық өсу, жаңа мүмкіндіктер мен ұсыныстар күтіп тұр – айналаңыздағылармен бірге жағдайдан шығудың жолын іздеңіз және табыңыз. Көптен жиналып қалған мәселелеріңізді бүгіннен қалдырмай шешуге тырысыңыз.

Шаяндар

Туыстарыңызбен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Олардың сынын қабылдап, нәтиже шығаруға тырысыңыз. Сүйіктіңізге романтикалық кеш ұйымдастырып беріңіз. Бұл арадағы сүйіспеншілікті нығайта түседі.

Арыстандар

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Дәрумендер қабылдап, күн көзінде көбірек жүруге тырысыңыз. Достар арасында туындайтын кез келген мәселенің шешімін оңай таба алатын қасиетіңізді пайдаланып, достармен көңілді кештер ұйымдастырыңыз.

Бикештер

Әріптестермен және басшылықпен сөйлескенде абай болу керек. Сіздің көңіл күйіңіздің болмауы арада түсініспеушілік тудыруы мүмкін. Шамадан тыс сезімтал болу, эмоцияға берілу жақын адамыңыздың шынайы сезімін түсінуге кедергі келтіреді. Егер сүйіктіңіз қиындықтарға тап болса, оны қолдауға дайын болыңыз.

Таразылар

Тәжірибе ретінде отбасыңыз ұсынатын барлық нәрсенің кем дегенде жартысын жасауға тырысып көріңіз: таңғы асты бірге әзірлеңіз, үй шаруасын бірге атқарыңыз. Бүгін қарым-қатынас құруға қолайлы сәт туып тұр: жұбыңыздан шынайы сенім мен ізгі ниетті көресіз.

Сарышаяндар

Жаңа қарым-қатынасқа дайын болыңыз, сүйіктіңізбен бірге жаңа тәжірбиелерді сынап көріңіз. Бұл арадағы қарым-қатынасты нығайтып, бір-біріңізді тани түсуге мүмкіндік береді. Психикалық денсаулығыңызға назар аударыңыз, күйзеліп жүрсеңіз, психологқа жүгініңіз.

Мергендер

Бүгін достарыңыз бен жақындарыңызға көңіл бөліңіз. Оларға қолдау көрсетіңіз, кеңес беріп, жігерлендіріңіз, жылы сөзбен көмектесіңіз. Егер көптен ұнатып жүрген адамыңыздан еш жауап болмаса, бұл ісіңізді ой таразыына салып көру керек. Жауапсыз махаббат сізге көп уайым әкеледі, одан бас тарту керек шығар?

Тауешкілер

Достарыңызға көңіл бөліңіз. Оларды кездесуге шақырып, кеңес беріңіз, қолдау керек болса, қолдаңыз. Бүгін сіз ұсынатын немесе қабылдайтын шешім компанияның табысын арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Суқұйғыштар

Бүгінгі күнді достарыңызға арнаңыз. Жоспарланбаған кештер мен іс-шаралар күніңіздің көңілді аяқталуына септігін тигізеді. Отбасыңызға келгенде асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Қандай шешімді де отбасыңызбен, жақындарыңызбен ақылдаса отырып қабылдаған жөн.

Балықтар

Бүгін жұмыста бар қарым-қабілетініңізді танытудың сәті түседі. Қандайда бір мәселе бойынша шешім ұсынып көрсеңіз, оң нәтиже шығып, табысыңыз артуы мүмкін. Бүгін бағалы заттар сатып алудан бас тартқан жөн. Ол сізге шынымен қажет пе? Сол жағын жақсылап ойланыңыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: