Жексенбі, 28 сәуiр, 17:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Халқына жақын әкім кім?»

19.01.2023

987 0

Құрметті оқырман!

Өткен аптаның бейсенбі күні «Aqmeshit-aptalygy.kz» ақпараттық агенттігінің Телеграм арнасында жарияланған «Халқына жақын әкім кім?» сауалнамасы бүгін мәресіне жетті.

Ел басқару ісі қашанда үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Ауылды, кентті басқаруға келетін әрбір әкім мұны жіті сезінуі керек-ақ. Өзі басқаратын  аумақты көркейту, өркендету олардың басты міндеті саналады. Ал атқарылған жұмыстың бағасын халық беретіні анық. Халықта «әкім бол, халқына жақын бол» деген әдемі сөз бар. Осы тәмсілдің үдесінен шығу үшін еңбек етіп жүрген әкімдерге лайықты баға беру үшін сауалнама тақырыбын «Халқына жақын әкім кім?» деген атаумен бергенді жөн көрдік.  

Расында, елмен етене араласып, олардың мұң-мұқтажын тыңдай білген, тындырымды тірлігі бар басшыны халық қашанда құрметтейді.

Сонымен сауалнама қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Еркін Ахетов (Қарауылтөбе) – 700 дауыс
  2. Медет Сейілов (Қызылжарма) – 310 дауыс
  3. Саттар Әбдіреев (Ақжарма) – 199 дауыс
  4. Сәкен Әбдіжаппар (Қызылөзек) – 224 дауыс
  5. Мәмбетәлі Ақмырзаев (Ақсуат) – 541 дауыс
  6. Айбек Жылқыбай ( Талсуат) – 4909 дауыс
  7. Сейдуали Әбдіқадыров (Қосшыңырау) – 255 дауыс
  8. Семсер Сыздықов (Тасбөгет) – 5872 дауыс
  9. Жасұлан Саду (Белкөл) – 597 дауыс

Апта көлемінде жүргізілген сауалнама қорытындысымен қалаға қарасты Тасбөгет кентінің әкімі Семсер Сыздықов – 5872 дауыс көрсеткішімен «Халқына жақын әкім» атанды.

Сауалнама  барлығы 14100 қаралым жинап, оның ішінде 13607 адам өз таңдауын жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: