Сейсенбі, 16 шiлде, 09:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Жалған дипломмен жүргендер анықталды

11.07.2024

284 0

Сурет: time.kz

Қызылордада жалған дипломмен жұмыс істеп, бала тәрбиелеп жүргендер анықталды.

Прокурорлар мектепке дейінгі ұйымдарда 500-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілерін анықтады.

Мәселен, Байқоңыр қаласының үш балабақшасында тамақ өнімдерін (ыдыс-аяқ, нан тақтасы, шикі көкөністер, үй кеспесі) микробиологиялық зерттеу нәтижелерімен ішек таяқшалары анықталды.

Осындай дерек Сырдария ауданындағы балабақшалардың бірінде де орын алды.

Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы екі балабақшасында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кондитерлік және сүт өнімдері (печенье «Юбилейное», «Пионер», қаймақ «Буренушка») берілген.  

Шиелі ауданындағы төрт мектепке дейінгі ұйымы осы күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеп келген.

Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Сырдария, Қармақшы және Жалағаш аудандарының балабақшаларында дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген (ауруы туралы медициналық анықтама немесе арыз болмаған), соның салдарынан бюджеттен 22 млн теңге көлемінде қаржы негізсіз аударылған.   

Сырдария ауданында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау фактілері анықталды.

Материалдар арыздар мен хабарламаларды есепке алу кітабына тіркеліп, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Сырдария ауданының полиция бөліміне жіберілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: