Жексенбі, 13 қазан, 02:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

10 жасар қыз бассейнге батып, көз жұмды

15.07.2024

472 0

Сурет: Pixabay.com

Марқұм бассейнге туысымен бірге келген. 10 жастағы қыз 2,5 метрлік ересектерге арналған бассейннен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді.

“14 шілде күні 17:15-те Атырау облысы полиция басқармасының жедел кезекшісінен С.Мұқанов көшесі, №5 мекенжайындағы «Мұнайшы» орталық бассейнінде еркін жүзу кезінде 2014 жылы туған қыз суға батып, қаза болғаны туралы ақпарат түсті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Полиция кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Марқұм қыз бассейнге туысымен келген. 

“Кәмелет жасқа толмаған бала бассейнге келіп, 16:00-ден 17:00-ге дейін бір реттік билет сатып алған. Тереңдігі 1 метрге жететін балаларға арналған бассейннің барына қарамастан, бала тереңдігі 2,5 метрлік ересектер байссейнінен табылды”, – деп мәлімдеді “Мұнайшы” орталық байссейнінің әкімшілігі. 

Қазір полиция бассейннің барлық қызметкерлерінен жауап алып жатыр. Қайғылы жағдай болған күні кешенде нұсқаушы мен жаттықтырушы болған. Нұсқаушы адамдардың қауіпсіздігіне жауап беретіндіктен бірінші болып күдікке ілінген.

Сондай-ақ марқұмның бұған дейін жүзу үйірмесіне бармағаны анықталды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: