Сәрсенбі, 17 сәуiр, 00:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жұмысшы жанайқайы жауапсыз қалмайды

06.06.2023

333 0

Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бұған дейін облыстық бақылау жөніндегі басқармасы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» Қызылорда филиалы жұмысшыларының жазған өтінішін қалалық үш жақты комиссияның қарауына берген еді. Онда жұмысшылар экологиялық коэффициенттің дұрыс төленбей отырғандығы туралы мәселе қозғаған. Комиссия өкілдері аталған жайтты күн тәртібіне енгізіп, соған сәйкес мәселенің мән-жайы сараланды.

Осы орайда комиссия төрағасы Жанмұрат Жақсымұратұлы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» Қызылорда қосалқы бөлімінің «Локомотив пайдалану депосы» бөлімшесінің басшысы Нұртай Байғазыға жұмысшылармен кездесу өткізіп,  олардың көтерген мәселесін қарауды тапсырды. Сондай-ақ кездесу нәтижесін тиісті органға жолдауды жүктеді.

Сонымен қатар қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне берілген тапсырманың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қадағалап, ұйымдастырылуын қамтамасыз ету міндеттелді.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: