Дүйсенбі, 22 шiлде, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық әйел Үндістандағы жеке клиникада зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

17.07.2024

221 0

Сурет: pixabay.com

25 жастағы үндістандық мейіргер ем алып жатқан 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы  “Тhe times of India” басылымы хабарлайды. 

12 шілде күні 50 жастағы қазақстандық қызымен бірге Үндістанға емделуге барған. Ол жексенбі күні Гургаон қаласындағы Артемис ауруханасында тізе артроскопиясынан өтіп, оңалту бөліміне ауыстырылды.

Басылымның мәліметінше, 25 жастағы мейіргер Такур Сингх науқастың жөргегін ауыстырып жатқанда оның денесіне қол жүгірткен. Мұны қандай да бір қателік болар деп ойлаған науқас мейіргердің жыныстық сипаттағы әрекетін бір неше мәрте байқаған. Сөйтіп бұл туралы қызына айтуға мәжбүр болған. Қазақстандық әйелдің қызы бұл жағдайды аурухана басшылығына жеткізіп, полиция шақырды.

“Науқастың қызының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Аурахана науқастардың қауіпсіздігіне баса назар қоятынын мәлімдеді. Сондай-ақ медициналық мекемедегілер тергеудің әділ өтуіне ат салыстанын жеткізді”, – деп жазды басылым.

Тергеу аяқталғанша мейіргер жұмыстан шеттетілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: